LG GCQ22FTBKL [89/122] Орнату

LG GCQ22FTBKL [89/122] Орнату
9
KK
Бірнеше тасымалды розеткаларды немесе тасымалды қуат
көздерін құрылғы артына орналастырмаңыз.
ЕСКЕРТУ
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті азайту,
өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін келесі
нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды орындаңыз:
Орнату
Тасымалдау кезінде құрылғыны тарту немесе итеру үшін оны
еңкейтпеңіз.
Құрылғыны жылжытқан кезде, қол немесе аяқ сияқты дене
мүшесі қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Пайдалану
Мұздатқыш бөлігіндегі металл бөліктерін немесе мұздап тұрған
тағамды дымқыл немесе ылғал қолыңызбен ұстамаңыз. Ол қатып
қалуға себеп болуы мүмкін.
Әйнектен жасалған контейнерлерді, бөтелкелерді немесе
банкаларды (әсіресе газдалған сусындары бар) нөлден төмен
температурадағы мұздатқыш камераға, сөрелерге немесе мұз
сақтау құтыларына салмаңыз.
Жабдық есігінің алдыңғы жағындағы қыздырып шыңдалған шыны
зақымдалуы мүмкін. Сынып қалған жағдайда оған қолыңызды
тигізбеңіз.
Қосымша есіктің үстіне ауыр зат қоймаңыз.
Қосымша есікті тақтай ретінде пайдаланбаңыз және оған өткір
затпен сызат түсірмеңіз, себебі ол құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Құрылғы есігіне, сақтау камерасына, сөреге немесе тоңазытқыш
есігіне асылмаңыз және үстіне шықпаңыз.
Есік жәшіктерінде тым көп су бөтелкелерін немесе гарнирлерге
арналған контейнерлерді сақтамаңыз.
Үй жануарларының қуат сымын немесе су шлангісін шайнап
тастауына мүмкіндік бермеңіз.
Құрылғы есігін артық күшпен ашпаңыз немесе жаппаңыз.

Содержание

Скачать