Philips HR1627 Daily Collection [7/14] Philips арнайы ұсынбаған немесе philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды қолданған жағдайда өнім...

Philips HR1627 Daily Collection [7/14] Philips арнайы ұсынбаған немесе philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды қолданған жағдайда өнімнің кепілдігі өз күшін жояды
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ Жауап
Неге құралдан қатты
шу, жағымсыз иіс,
түтін шығады немесе
ыстық болады?
Құрылғыны ұзақ уақыт үзіліссіз пайдаланған
шығарсыз. Себебі осы болса, онда құрылғыны
пайдалануды тоқтатып, 60 минутқа суытып қойыңыз.
Мәселе мұнымен шешілмесе, Philips дилеріне немесе
Philips рұқсат берген қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Енді қайнаған ыстық
ингредиенттерді
өңдеуге бола ма?
Өңдемес бұрын, ингредиенттерді шамамен
80°C/175°F температурасына дейін суытып алыңыз.
Өңделетін
ингредиенттердің
көлемі қандай болуы
керек?
Ірі ингредиенттерді шамамен 2х2 см етіп тураңыз.
Өте қатты азық-
түліктерді өңдеуге
болады ма?
Жоқ, сүйек немесе сүйегі бар жеміс-жидекті өңдеу
нәтижесінде құрал зақымдануы мүмкін. Пармезан
ірімшігі немесе шоколад сияқты ингредиенттерді
өңдеуге болады.
Неліктен құрал
аяқ асты жұмысын
тоқтатты?
Мүмкін кейбір қатты ингредиенттер пышаққа тұрып
қалған болар. Қосу/өшіру түймесін немесе турбо
түймесін босатып, құралды токтан ажыратыңыз.
Мотор бөлігін ажыратып алып, пышақтар бөлігіне
тұрып қалған ингредиенттерді алып тастаңыз.
Нәресте тағамының рецепті
Азық түрлері
- 50 г пісірілген картоп
- 50 г пісірілген балапан еті
- 50 г пісірілген үрмебұршақ
- 100 мл сүт
60 секунд өңдеңіз. Бір партиядан артық өңдейтін болсаңыз, әр партиядан кейін
құралды суытып алыңыз.
Ескертпе: Қол блендерін қатты ингредиенттерді өңдеу үшін пайдаланбаңыз
(мысалы, мұз кесектері).
Кеңестер: - Жұмыртқа ағын бұлғағанда, жақсы нәтиже алу үшін үлкен тостаған
пайдаланыңыз.
-Кремді бұлғағанда, шашырауы үшін стакан пайдаланыңыз.
Ескертулер: Бір шайқағанда бір мөлшерден артық шайқамаңыз.
Қамыр немесе торт қоспасын дайындау үшін былғауышты пайдаланбаңыз.
Ескерту. Турағыштың пышақтарын ұстағанда сақ болыңыз, оның жүздері өте
өткір болады. Ал пышақтарды турау тостағанынан алғанда, турау тостағанын
босату кезінде және оны тазалап жатқанда өте абай болыңыз.
Ескертулер: - Егер ингредиенттер турағыш тостағанына жабысып жатса,
турағышты өшіріңіз. Ингредиенттерді біраз сұйықтық қосу
арқылы немесе қалақша көмегімен ажыратып алыңыз.
- Етті ұсақтап, майдалап болғаннан кейін, әрдайым электр аспабын
суытып қойыңыз.
- Сиыр етін өңдегенде, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін,
мұздатылған сиыр етінің кесектерін пайдаланыңыз.
Қол блендері
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”,
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:
«Филипс» ЖШҚ, Ресей, Мәскеу қаласы, Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел.
+ 7 495 961 1111, www.philips.ru
650W, 220-240V, 50-60Hz
- Егер пышақ тұрып қалса, пышақ бөлігін бітеп қалған
азық-түліктерді алу үшін алдымен құрылғыны ток
көзінен суырыңыз.
- Егер бөлік немесе қосалқы құрал зақымдалса, оны
әрқашан түпнұсқа түрімен алмастырыңыз, әйтпесе
кепілдік жарамсыз болады.
Ескерту
- Құралды жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау
алдында оны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз.
- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips
компаниясынан басқа өндірушілер шығарған
қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға
болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз
күшін жояды.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс
пайдаланылмаған немесе кәсіби не жартылай
кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ,
нұсқаулықта көрсетілгендей қолданбаса, кепілдік
жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір
зақымға жауапты болмайды.
- Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және
шаңнан аулақ ұстаңыз.
- Стаканға немесе тостағанға температура деңгейі
80°C/175°F-тан асатын азық-түліктер салмаңыз.
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау
уақытынан асырмаңыз.
- Тоқтаусыз бір партиядан артық өңдемеңіз.
Өңдеуді жалғастырмас бұрын, құралды 10 минут
суытып алыңыз.
- Ең жоғары шу деңгейі = 85 дБ (A).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Тазалау және күтіп ұстау
Мотор бөлігін, бұлғауыштың байланыстырғыш бөлігін (HR1627/HR1625), ірі
турағыштың қақпағын (HR1627) немесе шағын турағыштың қақпағын (HR1625/
HR1623) суға немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз не болмаса ағын су астында
шаймаңыз. Бұл бөліктерді тазалау үшін ылғал шүберекті пайдаланыңыз.
Тазалауды бастамас бұрын:
1 Құралды розеткадан ажыратыңыз.
2 Тіркелген құралды шығарып алу үшін босату түймесін басыңыз.
3 Қосалқы құралды бөлшектеңіз.
Кеңес Түпкілікті тазалау үшін, турағыштың ыдыстарынан резеңке сақиналарды
алып тастауға да болады.
Кеңес Блендерді жылдам тазалау үшін, пайдаланғаннан кейін бірден стаканды
босатып, шайыңыз. Одан кейін стаканға біраз жуу сұйықтығы мен жылы су құйып,
блендерді салыңыз да, құралды шамамен 10 секунд іске қосыңыз.
Қосалқы құралдар
HR1621 және HR1627 құралдарына арналған қосалқы құрал ретінде шағын
турағышқа (4203 035 83450 қызметтік код нөмірі бойынша) Philips дилеріңізге
немесе Philips қызмет орталығына тапсырыс беруге болады.
Қоршаған орта
- Тозғанда, құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастамай, қайта өңдеу үшін
жинап алатын жерге өткізіңіз. Сонда қоршаған ортаны сақтауда септігіңізді
тигізесіз (Cурет 1).
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать