Hansa FWC15071B [24/72] Құрылғының орна тылуы және жұмыс жа сау шарттары

Hansa FWC15071B [24/72] Құрылғының орна тылуы және жұмыс жа сау шарттары
- 24 -
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ОРНА-
ТЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ЖА-
САУ ШАРТТАРЫ
Қаптамасын ашып, тиісті жерге орнатқаннан кейін 24 сағат өткен соң
құрылғыны қуат көзіне қосыңыз.
Бұйымды орамадан шығарып, есік пен ішіндегілерді қорғайтын жабысқақ
таспаны алып тастаған жөн. Желімнің ықтимал қалдықтарын жұмсақ
жуғыш құралдың көмегімен кетіруге болады.
Тоңазытқыш ішкі бетін, сонымен қатар, жинақтама элементтерін ыдыс
жууға арналған сұйықтықты қосу арқылы жылы сумен жуып, сосын
құрғақтай сүрткен жөн.
Тоңазытқыш тегіс, жазық және тұрақты бетке, құрғақ, желдетілетін
және тікелей түсетін күннің сәулелерінен қорғалған бөлмеде, тақта, ор-
талықтанды-рылған жылыту радиаторы, орталықтанды-рылған жылыту
құбыры, ыстық судың құбыры және т.б. сияқты жылу көздерінен алыс
орнатқан жөн
lТоңазытқыштың сыртқы беті жабылуы мүмкін қорғаныс пленкасын алып
тастау қажет.
Бұйымды алдыңғы 2 реттелетін аяқтарын сәйкесінше бұрау арқылы тік
қалпында орнатқан жөн (1 сурет).
Құрылғының бүйірі мен арт жағында бос орын қалдырыңыз (монтаждау
сызбасын көрсетіңіз).
Құрылғыны жиһазға орнату тоңазытқыштың төменгі бөлігінде орнатылған
желдеткіш торды жауып тастамайтынына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны алғаш рет іске қосқан кезде ерекше иіс шығуы мүмкін.
Құрылғының ішкі бөлігі салқындаған кезде ол жоғалып кетеді.
Алғаш рет іске қосқан кезде құрылғының сығымдағышы тоңазытқыштың
ішіндегі қажетті температураға дейін жеткенше үздіксіз жұмыс істейтін
болады.
Қуат көзін ажыратқаннан кейін кем дегенде 5 минут өткен соң қайта
қосқан жөн. Бұл сығымдағыштың зақымдалу тәуекелін төмендетеді.
Таңдалған модельдерде дұрыс температура тоңызытқыш қосылғаннан
кейін бірнеше сағат өткен соң ғана бейнеленетін болады.
Құрылғыны жерлестірілген және 10 А сақтандырғышы бар, дұрыс орна-
тылған электрлі ұяшық арқылы 220-240В, 50Гц айналмалы тоқ желісіне
қосқан жөн.
Құрылғыны заңның нұсқауларына сәйкес жерлестіру талап етіледі. Мін-
деттердің осы нұсқауларға сәйкес орындалмауы нәтижесінде тұлғаларға
немесе заттарға келтірілуі мүмкін қандай да бір зақымдануларға өндіруші
жауап бермейді.
lӨтпелі ұяшықтарды, көп реттік ұяшықтарды (үлестіргіштерді), екі тал-
шықты ұзартқыштарды пайдаланбаған жөн. Егер ұзарт-қышты қолдану
қажеттілігі туын-даса, VDE/GS қауіпсіздік серти-фикаты бар, жерлестіріл-
ген істік-шесі және бір ұяшығы бар ұзарт-қышты ғана қолдануға болады.
Егер ұзартқыш (жерлестірілген істікшесі, қауіпсіздік сертификаты бар)
қолданыла-тын болса, онда оның ұяшығы жуу қондырғысынан қауіпсіз
ара қашықтықта орналасуы және оған судың және пайда-ланылған су-
дың құйылу қауіп-қатері туындамауы қажет.
Ашаны алу немесе екіүйекті ажыратқышты сөндіру арқылы қондырғыны
электрлі желіден ажырату мүмкіндігін қамтамасыз еткен жөн.

Содержание

Похожие устройства