Hansa FWC15071B [30/72] Демалыс режимі

Hansa FWC15071B [30/72] Демалыс режимі
- 30 -
Динамикалық суыту режимі
Желдеткіш тіпті қалаулы температураға жеткеннің өзінде де ауа
айналымын ұстап тұру үшін кезек-кезек жұмыс істеп, сөнеді.
Бұл, тоңазытқыштағы тұрақты және біркелкі ылғалдылық пен
температураны қамтамасыз етеді және ұзақ уақыт бойы сақтауға
мінсіз жағдай жасайды.
Динамикалық суыту режимі жұмыс барысында шуылды арттырады.
Теңшелімді дыбыс өшіру режиміне өзгерту үшін, «+» батырмасын
шамамен 5 секунд бойы басып тұрыңыз («+» батырмасы екі аймақты
тоңазытқыштың сол жағында тұр). Шарапқа арналған тоңазытқыш,
дыбыссыз режимді қосуды растау үшін үш рет дыбыстық сигнал
береді.
Демалыс режимі
Бұл режимде бейнебет, ішкі жарықтандыру және дыбыстық сигналдар
сөндірулі болады. Суыту үнемі бір деңгейде ұсталады.
Демалыс режимін белсенді ету үшін, қуаттандыру және жарықтандыру
батырмаларын 5 секунд бойы бір уақытта басып тұрыңыз. Индикатор
төрт рет жанып-сөнеді де, Демалыс режимінің белсенді екенін
растайды. Демалыс режимі 96 сағаттан кейін автоматты түрде сөнеді;
Демалыс режимін кез келген уақытта сөндіру үшін, қуаттандыру және
жарықтандыру түймесін 5 секунд бойы бір уақытта басып тұрыңыз.
Температуралық дабыл сигналы
Температура белгіленген диапазоннан көтерілсе немесе төмендесе,
дыбыстық сигнал беріліп, бейнебет жанып-сөне бастайды. Оның
ықтимал себептері:
Тоңазытқыш белгіленген температураға әлі жетпеді (бірінші рет
іске қосылғаннан кейін).
Электрмен қамтуды үзіліс болды.
Шарапқа арналған тоңазытқыш артық тиелген.
Есігі дұрыс жабылмаған.

Содержание

Похожие устройства