Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [11/72] 779238

Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [11/72] 779238
HL 92, HL 92 K
қазақ
9
Мотоқұрылғыны ұдайы, ұзақ
қолданған кезде және тиісті
симптомдар қайтадан пайда болған
кезде (мысалы, саусақтардың
дуылдауы) үнемі медициналық
байқаудан өтіп тұрғаныңыз жөн.
Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Қозғалтқыштың агрегатына үнемі
техникалық қызмет көрсетіп
отырыңыз. Осы пайдалану
нұсқаулығында сипатталған
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын және жөндеу
жұмыстарын ғана орындау керек.
Жұмыстардың барлық бас түрлерін
мамандандырылған дилерге тапсыру
қажет.
STIHL компаниясы, техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын және
жөндеу жұмыстарын тек қана STIHL
компаниясының мамандандырылған
дилеріне тапсыруға ұсыныс береді.
STIHL компаниясының
мамандандырылған дилерлері
біліктілікті арттыру курстарына үнемі
қатысып тұрады және олардың
иелігіне техникалық ақпарат
ұсынылады.
Жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз. Олай болмаған
жағдайларда, жазатайым
оқиғалардың орын алуынан немесе
агрегаттың бұзылуынан қауіптілік
төне алады. Қандай да бір сұрақтар
туындаса мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
STIHL компаниясы STIHL
компаниясының түпнұсқалы қосалқы
бөлшектерін қолдануға ұсыныс
береді. Олар өздерінің сипаты
жағынан құрылғымен оңтайлы түрде
келістірілген және пайдаланушының
талаптарына сай келеді.
Жөндеу, техникалық қызмет көрсету
және тазару жұмыстарын жасаған
кезде қозғалтқышты әрқашан сөндіріп
отырыңыз – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін! - Айрықша жағдайлар:
Карбюратордың және бос жүрістің
реттелімі.
От алдыру білтесінің жанасқан ұшы
тартылып қойылса немесе от алдыру
білтесі бұрап алынса қозғалтқышты
іске қосатын қондырғының көмегімен
іске қосуға рұқсат етілмейді –
цилиндрдің сыртында ұшқын
болғандықтан өрттің туындау қаупі
төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатына
техникалық қызмет көрсетуге және
жанып тұрған оттың дәл жанында
сақтауға тыйым салынады, себебі
жанармайдың тұтануынан, өрттің
туындау қаупі төне алады!
Бактың қақпағының герметикалығын
үнемі тексеріп отырыңыз.
STIHL компаниясы тарапынан рұқсат
етілген, жарамды от алдыру білтесін
ғана қолданыңыз - «Техникалық
сипаттамалар» бөлімін қараңыз.
От алдыру кәбілін тексеріңіз
(оқшаулағыштың мінсіз болуы,
қосылыстың тығыз болуы).
Шу басқыштың мінсіз күйін тексеріңіз.
Жарамсыз немесе алынған шу
басқышпен жұмыс істеуге болмайды
өрттің туындау қаупі төнуі мүмкін!
Есту қабілетінің зақымдануы мүмкін!
Ыстық шу басқышты ұстамаңыз
күйік шалу қаупі төне алады!
Дірілге қарсы элементтердің күйі,
діріл кезінде агрегаттың күйіне әсер
етеді - дірілге қарсы элементтерді
үнемі тексеріп тұру қажет.

Содержание

Скачать