Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [10/72] 779238

Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [10/72] 779238
HL 92, HL 92 K
қазақ
8
Газды іске қосу күйінде жұмыс
істемеңіз - газ иінтірегінің мұндай
күйінде мотордың айналым жиілігі
реттеле алмайды.
Кескіш пышақтарды бүлдіріп алмау
үшін бұталықтар мен жұмыс аумағын
қарап шығыңыз:
Тастарды, металл бөлшектерді
және қатты заттарды алып
тастаңыз
мысалы, жерге жақын жерде
жұмыс істеген кезде, кескіш
пышақтардың арасына құм мен
тастар кіріп кетпеуін бақылап
тұрыңыз
сыммен қоршалған өсіп тұрған
ағаш шарбақты кескен кезде,
кескіш пышақты сымға тигізбеңіз
Тоқ өткізгіш тоқсымдарға жанаспаңыз
қандай да бір электр тоқсымын кесіп
алмау үшін абай болыңыз – ток соғу
қаупі төнуі мүмкін!
Кескіш пышақтарды бұғаттау және
жанармайдың берілісін бір мезгілде
ұлғайту шарасы қозғалтқышқа түсетін
жүктемені арттырады және
айналымдардың жалпы санын
төмендетеді. Бұл, жалғастырғыштың
ұзақ уақыт бойы тайып кетуінен
маңызды атқарымдық бөлшектердің
(мысалы, жалғастырғыш, корпустың
полимерлі бөлшектері) қызып кетуіне
және зақымдалуына себеп болады –
соның салдарынан, мысалы, кескіш
пышақ бос жүрісте айналған кезде
қызып кете алады немесе зақымдала
алады – жарақат алу қаупі төнуі
мүмкін!
Бұталықтар қатты ластанған немесе
шаң басқан жағдайда, қажет болса –
кескіш пышақтарға STIHL
қарамайдың еріткішін бүркіңіз.
Осының арқасында, кескіш
пышақтардың үйкелуі, өсімдік
шырындарының агрессиясы және кір
бөлшектерінің бөлінуі анағұрлым
дәрежеде төмендейді.
Құрылғыны тоқтатпастан бұрын:
Моторды тоқтатыңыз.
Кескіш пышақтарды, қысқа уақыт
аралықтарынан кейін үнемі тексеріңіз
және көзге білінетін өзгерістер орын
алған кезде дереу тексеріп тұрыңыз:
Қозғалтқышты тоқтатыңыз
кескіш пышақтардың толықтай
тоқтағанын күтіңіз
Отырған күйін және беріктігін
тексеріңіз, жарықтардың бар/жоқ
екеніне назар аударыңыз
Пышақтардың егелген дәрежесін
ескеріңіз
Қозғалтқыш пен бәсеңдеткішті ұсақ
қопалардан, жапырақтардан және
майлау құралының артық мөлшерінен
әрдайым тазартып тұрған жөн –
өрттің туындау қаупі төне алады!
Жұмысты аяқтағаннан кейін
Мотоқұрылғыны шаң мен кірден
тазартыңыз - май еріткіштерді
қолданбаңыз.
Кескіш пышақтарға STIHL
қарамайдың еріткішін бүркіңіз –
спрейді біркелкі тарату үшін
қозғалтқышты тағы да қысқаша
уақытқа іске қосыңыз.
Дірілдер
Мотоқұрылғыны тым ұзақ қолданатын
болсаңыз, дірілдің себебінен қолдағы
қан айналым жүйесі бұзыла алады
("ақ саусақтар" синдромы).
Құрылғының көпшілік мақұлдаған
қолданыс ұзақтығы анықтала
алмайды, себебі оның көптеген
факторлары бар.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі шаралардың арқасында
ұлғаяды:
қол қорғанышы (жылы қолғаптар);
жұмыс барысындағы үзіліс.
Құрылғының қолданыс ұзақтығы
келесі себептерге орай қысқарады:
жұмысшының қан айналым
жүйесі нашар болса (оның
белгілері мынадай болады:
саусақтар тона береді, қышып
дуылдайды);
сыртқы температуралар төмен
болса;
мотоқұрылғыны ұстау үшін көп
күш-жігер жұмсалса (оны қатты
ұстаған кезде, қан айналымына
кедергі келтіріледі).
Қозғалтқыш жұмыс
істеп тұрған кезде
кескіш пышақтарды
ұстамаңыз. Кескіш
пышақтарды қандай да
бір затпен бұғаттаған
кезде, қозғалтқышты
дереу тоқтатыңыз – тек
қана осыдан кейін затты
алып тастаңыз –
жарақат алу қаупі төне
алады!

Содержание

Скачать