Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [9/72] 779238

Stihl HL 92 C-E Руководство по эксплуатации онлайн [9/72] 779238
HL 92, HL 92 K
қазақ
7
Кескіш пышақтар, газ иінтірегін
жібергеннен кейін тағы біраз уақыт
бойы қозғала берсе - бұл инерция
бойынша қозғалыс болып табылады!
Тайғанақ, ылғал болғанда, қар
басқанда, тау еңісінде, кедір-бұдыр
және тағы басқа жерлерде абайлаңыз
тайғанау қаупі!
Құлаған бұтақтарды, қалың
бұталықты және кесілген материалды
алып тастаңыз.
Кедергілерге назар аударыңыз:
Томарлар, тамырлар болса – сүрініп
кете аласыз!
Әрқашан сенімді және орнықты күйге
қойыңыз.
Биік жерде жұмыс істеген кезде:
әркез көтергіш жұмыс табанын
пайдаланыңыз
ешқашан да басқышта немесе
ағашта тұрып жұмыс істемеңіз
ешқашан да орнықсыз жерде
тұрып жұмыс істемеңіз
ешқашан бір қолыңызбен ғана
жұмыс атқармаңыз
Құлақ бітеуіштерін пайдаланған
кезде, аса мұқият және сақ болуыңыз
керек, себебі қауіптілік дыбыстарын
сезу қабілеті (айғайлар, дабыл
белгілері және т.б.) шектеледі.
Төтенше шаршауды болдырмас үшін,
жұмыс барысында уақытымен үзіліс
жасап тұрғаныңыз жөн – жазатайым
оқиға қаупі төне алады!
Жұмысты байыпты және тиянақты
түрде атқарыңыз, жарық жақсылап
түсіп тұруы тиіс және көрініс айқын
болуы тиіс. Басқа адамдарға қауіп
төндірмей, абайлампаздықпен жұмыс
істеңіз.
Жыраларда, ойпаттарда немесе тар
шарттарда жұмыс істеген кезде,
жеткілікті ауа алмасуын қамтамасыз
ету қажет - уланудың салдарынан
өмірге қауіп төне алады!
Лоқсығанда, бас ауырғанда, көру
қабілеті нашарлағанда (мысалы, көру
ауқымының азаюы), есту қабілетін
нашарлағанда, бас айналғанда,
назар аудару қабілеті төмендегенде
жұмысты дереу тоқтатыңыз - басқа
себептердің арасында, аталған
симптомдар пайдаланылып болған
газдардың жоғары дәрежелі
шоғырланымынан пайда бола алады
- жазатайым оқиға қаупі төне алады!
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істегенде, мүмкіндігінше шуылсыз
және пайдаланылып болған газдарды
аз шығарып жұмыс істеңіз -
қозғалтқышты қажет болмағанда
қосулы күйде қалдырмаңыз, газды тек
жұмыс кезінде беріңіз.
Қозғалтқыштың агрегатымен жұмыс
істегенде және жұмыс істеп тұрған
қозғалтқыштың агрегатының
жанында темекі шекпеңіз – өрттің
туындау қаупі төне алады! Жанармай
жүйесінен жанғыш бензин булары
ұшып шыға алады.
Жұмыс барысында түзілетін шаң, бу
және түтін денсаулыққа ауыр зиян
келтіре алады. Шаң немесе түтін
қатты түзілетін болса, респиратор
таққаныңыз жөн.
Егер де қозғалтқыштың агрегаты
арналымынан тыс жүктемеге
ұшыраған болса (мысалы, соққы
немесе құлау нәтижесіндегі күштің
әсерінен), алдағыда жұмыс істер
алдында агрегаттың қолданыс
жағдайын тексеріңіз – "Қосудың
алдында" бөлімін қараңыз. Ең
алдымен жанармай жүйесінің
герметикалылығын және қауіпсіздік
қондырғысының жұмысын,
пайдаланудағы сенімділікті
тексеріңіз. Мінсіз қолданыс күйінде
болмаған қозғалтқыштың
агрегатымен жұмыс істеуге тыйым
салынады. Қандай да бір күмән
туындаса, Мамандандырылған
дилерге жүгініңіз.
Мотор іске қосылғаннан
кейін, мотоқұрылғыдан
пайдаланылып болған
улы газдар бірден шыға
бастайды. Бұл
газдардың иісі болмауы
және көрінбеуі мүмкін,
сонымен қатар
құрамында
көмірсутегілер мен
бензол бола алады.
Қозғалтқыштың
агрегатын, соның ішінде
катализатормен
жабдықталған
агрегаттарды ешбір
жағдайда жабық немесе
нашар желдетілетін
орынжайларда
қолданбаңыз.
Редуктор, қолданылған
уақытта қызады.
Бәсеңдеткіштің
шанағын ұстамаңыз –
күйік шалу қаупі төне
алады!

Содержание

Скачать