LG Optimus Black [208/242] Маңызды ескерту

LG Optimus Black [208/242] Маңызды ескерту
8
Маңызды ескерту
Телефонды қызметке апару
алдында немесе қызмет өкіліне
хабарласу алдында ақаулықтың
осы бөлімде сипатталмағанын
тексеріңіз.
1. Телефон жады
Телефон жадындағы бос орын
10%-нан аз қалғанда, телефон
жаңа хабарлар ала алмайды.
Телефон жадын тексеріп,
қолданбалар немесе хабарлар
сияқты кейбір деректерді жойып,
көбірек жад босату қажет
болады.
Қолданбаны басқару
1
Негізгі экрандағы
Қосымшалар қойындысын
түртіп, Параметрлер
> Қолданбалар >
Қолданбаларды басқару >
тармағын таңдаңыз да, Іске
қосу қойындысын басыңыз.
2
Барлық қолданбалар
көрсетілгенде, жойылатын
қолданбаға өтіп, оны
таңдаңыз.
3
Бағдарламаны жою үшін,
Жою тармағын басып, OK
түймесін басыңыз.
2. Батареяның
қызмет мерзімін
оңтайландыру
Батареяның қызмет мерзімін
фонда тұрақты қосылып тұратын
қажетсіз мүмкіндіктерді ажырату
арқылы ұзартуға болады.
Сондай-ақ, қолданбалар мен
жүйелік ресурстардың батарея
қуатын пайдалану тәсілін
реттеуге болады.
Батареяның жұмыс мерзімін
арттыру
•
Пайдаланылмайтын радио
байланыстарын өшіріңіз. Егер
Wi-Fi, Bluetooth немесе GPS
функциясын қолданбасаңыз,
оларды өшіріңіз.
•
Экран жарықтығын төмендетіп,
экранның сөну мерзімін
азайтыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать