Galaxy GL2606 [24/27] Жуғыш құралды қолданумен жуыңыз керек жарақтар ыдыс аяқ жуатын

Galaxy GL2606 [24/27] Жуғыш құралды қолданумен жуыңыз керек жарақтар ыдыс аяқ жуатын
KAZ
24
24
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғы тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тағамды дайындауға және ысытуға арналған.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалаудың алдында электр құралын желіден ажыратыңыз және оны
толықтай суытыңыз.
8.2 Электр құралының корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз және
құрғатып сүртіңіз.
8.3 Ішкі қабырғаларды және тұмпапештің есікшесін дымқыл ысқышпен
немесе шүберекпен сүртіңіз, сосын құрғатып сүртіңіз.
Ескерту: Ішкі қабырғалардың және тұмпапештің есікшесі қатты ластанған
жағдайда аздаған мөлшердегі жуғыш құралды қолданыңыз, осыдан кейін
оны ластанулармен бірге дымқыл шүберектің немесе ысқыштың көмегімен
әбден кетіріңіз және құрғатып сүртіңіз.
8.4 Керек-жарақтарды (ұстағыштар, қаңылтыр таба, тор) ыстық суда
жуғыш құралды қолданумен жуыңыз. Керек-жарақтар ыдыс-аяқ жуатын
машинада жууға жарамды;
Ескерту – Электр құралын тазалау үшін қажақты тазартқыш құралдарды,
металл шөткелерді және электр құралының жабынын және керек-
жарақтарын бүлдіруі мүмкін басқа да заттарды қолданбаңыз.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген тем-
пературада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында кем
дегенде екі сағаттай ұстау керек.
9.1 Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі талаптарды басшылыққа
алу керек:
9.1.1 Бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасының бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;
9.1.2 Бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет.
Пайдалануда болған бұйымды теріс температурада тасымалдаудың не-
месе сақтауға берудің алдында бұйымда судың жоқтығына көз жеткізу
қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары керек. Бұйымды
температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн сәулелерінен
қорғаңыз.

Содержание

Скачать