Polaris PWK 1727CAD Champagne [29/36] Тазарту және күтім

29
тұпқоярдан алыңыз және 30 минут бойы, ол суығанша күте тұрыңыз, содан кейін оны
суық сумен толтырыңыз.
3. Шәйнекті сөндіру
Су қайнаған кезде шәйнек үш реттік сигнал естіледі және жылыту үдерісі тоқтатылады.
Дисплейдің бетінде судың ағымдағы температуралық мәні көрініс табады.
Қажет болған жағдайда Сіз шәйнекті қолмен ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына басып,
өшіре аласыз. Сол кезде бір мәртелік дыбыстық сигнал естіледі және барлық жарық
индекаторлары сөнеді.
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз.
Назар аударыңыз!
Шәйнекті түпқоярдан алмас бұрын оның сөнгеніне көз жеткізіңіз, ол сөнбегенше оны
тұпқоярдан алмаңыз.
Шәйнектің қақпағы толығымен жабылмаған немесе ашық қүйінде болса шәйнектің
автоматты сөнуі іске қосылмайды.
Суды шәйнектен абайлап құйыңыз. Ішінде ыстық қайнаған судың барын есіңізде
сақтаңыз.
Шәйнекті тек қана тұтқасынан ұстаңыз.
Шәйнек сөнгеннен (суығаннан) кейін 15-20 секунд өткен соң шәйнекті қайтадан
пайдалануға болады.
7. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
1. Шәйнекті сөндіріп, электр ток көзінен ажыратыңыз және ол суығанша күте тұрыңыз.
2. Құралдың сыртын сәл ғана дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Құралды және оның электрлік баусымын, сонымен қатар оның ашасын немесе
электрмен қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып тұрған судың
астында ұстамаңыз.
3. Қақтан тазарту жөніндегі нұсқаулық.
Шәйнектің ішкі қабырғаларында және түбінде қақ және тұнба түзілуі мүмкін, қақтың
түзілуі судың қаттылығына байланысты, бұл судың құрамында түз болғандықтан орын
алады. Қақ пен тұнбалардың бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз, дер кезінде
тазарту қажет. Қақ құралдың жұмысы барысында аздаған шу туғызып, қайнау
барысында ұлғаюы мүмкін. Құралда қақ түзілген кезде су ұзағырақ қайнайды, сонымен
қатар егер сіздің шәйнегіңіз су қайнағанға дейін сөніп қалатын болса, бұл, шәйнекті
қақтан тазарту керектігін білдіреді. Қақтың пайда болуы судың қаттылығына
байланысты. Шәйнекті қақтан жүйелі түрде, мүмкіндігінше айына 1 рет тазартып
тұрыңыз. Сіздің шәйнегіңізді қақтан тазарту үшін лимон қышқылының ерітіндісін
пайдалануға болады:
25гр. Лимон қышқылын 0,5л. ыстық сумен араластырыңыз.
Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз.
Қажетіне қарай тазартуды қайталаңыз.
Сіздің шәйнегіңізді тазарту үшін сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать