Haier HSR Home [30/36] Ақаулықтарды жою

Haier HSR Home [30/36] Ақаулықтарды жою
12
Ақаулықтарды жою
Ақаулық туралы дауыстық хабарлама Мәселелер мен шешімдер
1-қате: бастапқы күйді өзгерту керек.
Робот-шаңсорғыш көтеріліп тұр немесе құлап кетуі мүмкін жерде
орналасқан.
2-қате: төменгі құлаудан қорғау датчиктерін сүртіңіз. Сенсор(лар) жабық, ластанған немесе көтерілген беткейде орналасқан.
3-қате: инфрақызыл өзін-өзі зарядтау датчигін тазалаңыз.
Сигнал блогына жататын инфрақызыл өзін-өзі зарядтау датчигі ластанған
немесе бұғатталған.
4-қате: қабырға датчигін сүртіңіз. Сигнал блогына жататын қабырға датчигі ластанған немесе бұғатталған.
5-қате: шеттерге бір нәрсе кедергі келтіретін сияқты. Бампердің шеті немесе ішкі сенсорлық датчик кедергіге тап болды.
6-қате: мен кептеліп қалдым. Көмектесіңізші! Робот-шаңсорғыш кептеліп қалды.
7-қате: мен еңкейдім. Мені тік күйге келтіріңіз. Робот-шаңсорғыш еңкейтілген.
8-қате: негізгі дөңгелек кептеліп қалды. Көмектесіңізші! Негізгі дөңгелек кептеліп қалды немесе оған бір нәрсе шатасып қалған.
9-қате: бүйірлік щетка кептеліп қалды. Көмектесіңізші! Бүйірлік щетка кептеліп қалды немесе оған бір нәрсе шатасып қалған.
10-қате: зарядтау док-станциясы қайда?
Робот-шаңсорғыш зарядтау док-станциясын таба алмай жатыр немесе
зарядтау док-станциясы қуат көзінен ажыратылған.
11-қате: Ақаулық! Мені қайта іске қосып көріңіз!
Робот-шаңсорғыш белгісіз қатені анықтаған болуы мүмкін. Құрылғыны қайта
іске қосыңыз.
12-қате: Ақаулық! Қуат көзін өшіріңіз!
Бұл ақаулық робот-шаңсорғыштың қуат көзін өшіруді талап етеді. Еске
салғаннан кейін құрылғы автоматты түрде өшеді немесе қайта зарядтау үшін
док-станцияға оралады.
13-қате: мені зарядтау керек!
Батарея деңгейі тым төмен (20%-дан төмен) және робот-шаңсорғыш
зарядтау док-станциясында болмаған кезде зарядтау қажеттілігі туралы
хабарлама іске қосылады.
14-қате: мен зарядтау док-станциясында өшемін. Робот-шаңсорғыш зарядтау док-станциясында зарядтау кезінде өшеді.
Ескерту:
· Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, шақыру индикаторы қызыл шаммен жыпылықтайды, дауыстық хабарлама ойнатылады. Туындаған
мәселелерді шешу үшін жоғарыдағы кестені қараңыз.
· Егер сіз ақаулықты жоюға тырыссаңыз, бірақ бұл күтілетін нәтижеге әкелмесе, сатудан кейінгі қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Құрылғыны өзіңіз бөлшектемеңіз.

Содержание