Haier HI-601 [11/15] Тамшы тоқтату функциясы

Haier HI-601 [11/15] Тамшы тоқтату функциясы
20 21
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Аспапты пайдалануды бастар алдында
барлық қаптау және қорғаныс материалдарды
шешіңіз және кәдеге қауіпсіз жаратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Алғашқы қолданар
алдында суды құйып, үтікті қажетсіз
матаға сынап көру ұсынылады, ол будың
максималды мөлшерін орнатады.
Өндірістен кейін кішкене шаң бөлшектері
темір бөлшектерінде қалып, матаны
бүлдіруі мүмкін.
ҮТІКТІ СУМЕН ТОЛТЫРУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап су құбыранан
алынған кәдімгі суды пайдаланумен
жұмыс істеуге арналған. Кез келген басқа
сұйықтықтарды, хош иістендірілген суды
пайдалану, қақ кетіретін құралдары қосу
үтіктің өзін және Сіз үтіктейтін матаны
бүлдіруі мүмкін.
Аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Үтікті көлденең орналастырыңыз және су
құюға арналған бөліктің қақпағын ашыңыз.
Жиынтықта болатын су құюға арналған
ыдыстың көмегімен резервуарды MAX
белгісіне дейін толтырыңыз және бөліктің
қақпағын жабыңыз.
ҮТІКТЕУ РЕЖИМІН ТАҢДАУ
Аспап үтіктеудің бірнеше температурлық
режимімен жабдықталған. Пайдалануды
бастар алдында мата өндірушісі ұсынған
температуралық режимі туралы ақпаратымен
танысыңыз.
ECO режимі – матаның барлық
түрлеріне жарамды.
1-режим – Ацетат, Эластан, Полиамид .
2-режим – Полиэстер, Жібек,
Триацетат, Вискоза, Жүн.
3-режим – Мақта, Зығыр, Джинсы.
MAX режимі – 3-режиммен салысты-
рғанда, жоғарлатылған температура
және будың берілуі дәл сол маталарға,
бірақ қиын үтіктелетіндерге арналған.
1-режим нәзік маталар үшін жасалған және
будың үнемі берілуін қарастырмайды.
Бу соққысы жұмыс істейді, бірақ табанның
төмен температурасына байланысты
су тамшылары пайда болуы мүмкін.
Бумен үтіктеу үшін 2-3 режимін және ECO
немесе MAX режимін пайдалану ұсынылады.
Үтікті электр желісіне қосқаннан кейін қосу/
өшіру батырмасын басыңыз, әдепкі қалпы
бойынша ECO режимі қосылып, қыздыру
басталады.
Сіз режимді таңдау батырмасын бірнеше рет басу
арқылы басқа үтіктеу режимін таңдай аласыз.
Режим таңдалғаннан кейін тиісті индикатор
жыпылықтай бастайды. Жыпылықтаудың
аяқталуы үтіктің табаны жылынғанын
білдіреді, кейін сіз жұмысқа кірісе аласыз.
ПАЙДАЛАНУ
Үтік резервуары суға толы екендігіне көз
жеткізіңіз.
Аспапты электр желісіне қосыңыз, қосу/өшіру
батырмасын басыңыз.
Үтіктеудің қажетті режимін таңдаңыз.
Үтіктеуді тек қана таңдалған режим
индикаторлары жыпылықтауын тоқтатқанда
басаңыз, бұл үтіктің қызғанын және жұмысқа
дайын екендігін білдіреді.
Үтіктеу аяқталғаннан кейін аспапты электр
желісінен ажыратыңыз, оны суытып, қалған
сұйықтықты резервуардан төгіп тастаңыз.
ШҮМЕК АРҚЫЛЫ СУ БҮРКУ
Бұл функция матаның қиын жерлерін
ылғалдандыру үшін жасалады.
Резервуар сумен толтырылуы керек.
Электрондық бүрку батырмасын басыңыз.
Ылғалданған мата аймағын үтіктеңіз.
ШАМ
Кірдің көзге түспейтін қатпарларын
ерекшелеуге мүмкіндік береді, әсіресе қара
маталарға пайдалы.
Үтіктеу барысында шамды қосу/өшіру
батырмасын басыңыз.
Тік күйде шам автоматты түрде өшеді.
АВТОМАТТЫ БУ БЕРУ
Үтік 1-режимінен басқа барлық режимдерде
буды автоматты түрде берумен жабдықталған.
Басқа режимдерде автоматты түрде бу беруді
өшіру үшін автоматты бу беруді қосу/өшіру
батырмасын басып, 3 секунд бойы ұстап тұру
керек.
Пайдаланушы үтікті ұстамаған кезде
автоматты түрде бу беру де өшіріледі.
Үтікті қолыңызға алғаныңыз жеткілікті, буды
автоматты түрде беру қайта басталады.
ТІГІНЕН БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бұл режим маталарды ілінген күйде үтіктеуге
арналған.
Үтік резервуарын сумен толтырыңыз.
Үтікті қосыңыз және өзіңізге қажетті бу күшінің
режимін орнатыңыз.
Үтіктің қызуын күтіңіз және таңдалған режим
дисплейде жыпылықтауды тоқтатады.
Үтікті тік күйінде ұстаңыз.
Матаны 15-30 см қашықтықта жоғары/төмен
қозғалыстармен, бу беру батырмасына
болымсыз үзілістермен басып отырып, б
улап үтіктеңіз.
Булауды бастамас бұрын, бу беру
батырмасын бірнеше рет басу ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Денеге киілген киімді
үтіктемеңіз, бу ыстық, күйік алу қатері өте
жоғары.
АВТОСӨНДІРІЛУ (Үзіліс Режимі)
Қауіпсіздік үшін үтік үзіліс режиміне көшудің
автоматты жүйесімен жабдықталған, бұл
ретте қыздыру сөндіріледі.
Үтік қолданылмаған жағдайда, үзіліс режимі
қосылады:
Тік күйде 8 минуттан кейін қосылады.
Көлденең күйде 30 секундтан кейін қосылады.
Қырымен жатқанда 30 секундтан кейін
қосылады.
Үзіліс режимінен шығу үшін үтікті алу жеткілікті.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл режим
пайдаланушыны үтікті электр желісінен
ажыратудан босатпайды.
ТАМШЫ ТОҚТАТУ ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция жеткіліксіз қыздыру
температурасында үтіктің табанынан су ағып
кетпеуі үшін жасалған.
Жұмыс барысында сіз кейде “шертуді” естисіз.
Бұл қалыпты жағдай және бұл жүйенің жұмыс
істейтінін білдіреді.

Содержание

Похожие устройства