Haier HI-601 [9/15] Сақтық шаралары

Haier HI-601 [9/15] Сақтық шаралары
16 17
Аспапты пайдаланар алдында осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта
көрсетілген пайдалану ережелерін сақтамау
жарақаттар алуға және пайдаланушы мүлкінің
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Аспапты пайдаланар алдында электр желісінің
сипаттамалары құрылғының заттаңбасында көр-
сетілгендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Аспапты тек жерге тұйықталуы бар розеткаға ғана
қосыңыз (жергілікті ережелерге сәйкес орындалған
жерге тұйықталу болмаған жағдайда өндіруші
(өндірушінің уәкілетті тұлғасы) өзінен шығынды өтеу
бойынша жауапкершілік-ті алып тастайды).
Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндіктері
шектеулі немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың (соның ішінде балалар), сонымен
қатар тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың
пайдалануы үшін тағайындалмаған.
Бұл құрылғы тек үй жағдайларында пайдалану үшін
арналған.
Электр тогынан зақымдануды болдырмау үшін
аспапты, желілік шнурды немесе желілік шнурдың
вилкасын суға немесе өзге сұйықтыққа батырмаңыз.
Қуат көзі шнурының ыстық бетке жанасуына жол
бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Алғаш рет қосу алдында аспаптың дұрыс
жиналғанына және барлық қаптау материалдары
жойылғанына көз жеткізіңіз.
Аспапты тегіс, құрғақ, тұрақты бетке орнатыңыз.
Аспапты үстелдің немесе үстелдің үстіңгі
тақтайының шетіне орнатпаңыз.
Үтіктің корпусын таза ұстаңыз
Үтікті пайдалану аяқталғаннан кейін, тазалау
алдында және оны сақтау үшін алып тастамас
бұрын электр желісінен ажыратыңыз.
Күйік алмау үшін үтіктің табанына қол тигізбеңіз,
дененің қорғалмаған бөліктеріне тікелей будың
түсуіне жол бермеңіз.
Үтік резервуарына су құяр немесе одан суды төгер
алдында үтікті ылғи электр желісінен ажыратыңыз.
Үтікке аспаппен жиынтықта берілетін резервуардан
басқа ыдыстың көмегімен су құймаңыз.
Су құюға арналған тесігі ашық тұрған үтікті
пайдаланбаңыз.
Суды МАХ белгісінен жоғары құймаңыз, өйткені
бұл аспаптың сынуына әкелуі мүмкін.
Суға арналған резервуарға қақтан қорғауға
ар-налған қандай болса да құралдарды құймаңыз.
Хош иісті суды немесе үтіктеуге арналған арнайы
суды пайдаланбаңыз. Бұл сұйықтықтар бу генераторы
жүйесінің ішкі бөліктерін бүлдіруі мүмкін.
Аспапты қадағалаусыз немесе пайдалануды
аяқтағаннан кейін қалдырғанда үтікті ылғи
электр желісінен ажыратып жүріңіз.
Үтіктеуді аяқтағанда суды ылғи резервуардан төгіп
жүріңіз.
Аспаптың корпусына бөгде заттар мен сұйықтықтың
түсуіне жол бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
Аспап туралы ақпарат қамтылған шильдті жоймаңыз
және бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын алған жағдайда
аспапты дәл сәйкестендіру үшін қажет.
Бұйымды тек қана зауыттық қаптамада,
сонымен қатар бекітілген күйінде
тасымалдауға рұқсат етіледі.
Құрылғыны өткізу жүзеге асырылатын елдің
заңнамасы талаптарына сәйкес және оны
сақтай отырып, кәдеге жаратыңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Содержание

Похожие устройства