Samsung HW-Q700B [105/126] Bt ready және bt pairing арасындағы айырмашылық неде

Samsung HW-Q700B [105/126] Bt ready және bt pairing арасындағы айырмашылық неде
KAZ - 21
BT READY және BT PAIRING арасындағы айырмашылық неде?
BT READY: Бұл режимде бұрын жалғанған кез келген Samsung теледидарын немесе мобильді құрылғыны қайта жалғауға болады.
BT PAIRING: Бұл режимде Soundbar құрылғысына жаңа құрылғыны жалғауға болады.
(Soundbar құрылғысы “BT” режимінде болғанда Soundbar құрылғысының қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar
құрылғысының жоғарғы жағындағы (Микрофон қосулы/өшірулі) / (Көз) түймесін 5 секундтан астам уақыт бойы басып тұрыңыз.)
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да
электрмагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать