Tcl 43P615 [25/44] Бөлім кіріспе

Tcl 55P725 [25/44] Бөлім кіріспе
3/KZ
1 бөлім Кіріспе
Сақтық шаралары
Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып
шығыңыз. Анықтама үшін осы нұсқаулықты сақтаңыз.
Ескерту
Теледидарды тұрақсыз негізге орнатпаңыз. Ол құлап
кетуі мүмкін, бұл ауыр жарақаттарға, соның ішінде өлімге
себеп болуы мүмкін. Көптеген жарақаттардың, әсіресе,
балалар арасында, төменде келтірілген қарапайым
сақтық шараларын қолдану арқылы алдын алуға болады.
- Теледидарға сенімді тірек бола алатын жиһазды ғана
пайдаланыңыз.
- Теледидар жиһаздың тірек бетінің шетіне шықпайты-
нына көз жеткізіңіз.
- Теледидарды орнату үшін жиһаз бен теледидарға
тиісті қолдауды қамтамасыз етпегенше жиһаздың жоға-
ры бөліктерін (мысалы, шкафтар немесе кітап сөрелері)
пайдаланбаңыз.
- Теледидарды теледидардың негізі мен жиһаздың
тірек беті арасында орналасқан матаға немесе басқа
материалдарға қоймаңыз.
- Балаларға теледидардың басқару батырмаларын алу
үшін жиһаз сөрелеріне шығуға тырысуы қауіпті екенін
хабарлаңыз.
Егер сіз теледидарды шешіп алсаңыз және басқа жерге
ауыстырсаңыз, жоғарыда аталған сақтық шараларын
орындау қажет.
Бұйым
• Құрылғының артқы панеліндегі желдеткіш саңылаулар-
ды жаппаңыз.
• Құрылғының ішіне бөгде заттарды корпустағы тесіктер
арқылы салмаңыз - олар кернеудегі бөлшектерге тиіп
кетуі мүмкін,
және қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін, бұл өртке,
электр тогының соғуына немесе құрылғының істен
шығуына әкеледі.
• Құрылғының корпусын ашуға тырыспаңыз - сіз оны
зақымдау мүмкінсіз. Ішінде өз бетінше қызмет көрсетуге
болатын бөлшектер жоқ. Құрылғыға тек білікті маман-
дар қызмет көрсете алады.
• Теледидар экранын баспаңыз - сіз оны қатты зақымда-
уыңыз мүмкін.
Қуат
• Келесі жағдайларда құрылғыны электр желісінен ажыра-
тыңыз:
- Егер сіз құрылғыны ұзақ уақыт пайдалануды жоспар-
ламасаңыз.
- Егер қуат сымы, оның айыры немесе электр розетка-
сы зақымдалған болса.
- Бұйымды орнату және баптау кезінде нұсқаулықтың
нұсқауларын орындаңыз Осы нұсқаулықта сипатталған
параметрлерді ғана реттеңіз. Қате баптау құрылғыны-
ның зақымдалуына әкелуі мүмкін. Егер бұл орын алса,
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және білікті
маманға хабарласыңыз.
- Егер құрылғыға механикалық әсер етілген болса, егер
ол құласа және оның корпусы зақымдалған болса.
• Егер ажыратқыш құрылғы ретінде желілік айыр немесе
аспапты ажыратқыш пайдаланылса, олар жұмыс
күйінде болуы тиіс.
(*Егер көп полюсті ажыратқыш құрылғы ретінде ажы-
ратқыш пайдаланылса, ол жұмыс күйінде болуы керек.)
Қуат баусымы және сигналдық кәбіл
• Қуат баусымын және сигналдық кәбілді қысудан, тар-
тудан, иілуден аулақ болыңыз. Оларға бөгде заттарды
орнатпаңыз.
• Баусымдар мен кәбілдердің қозғалысқа кедергі келтір-
мейтініне көз жеткізіңіз.
• Қуат баусымының немесе электр розеткасының шама-
дан тыс жүктелуіне жол бермеңіз.
• Қуат баусымы мен сигналдық кәбілге ылғалдың түсуіне
жол бермеңіз.
Пайдалану шарттары
• Құрылғыны тек тұрақты жиһазға орнатуға болады.
• Құрылғы жеткілікті желдетілетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны дымқыл және суық бөлмелерге қоймаңыз.
• Құрылғыға жоғары температураның, соның ішінде тіке-
лей күн сәулесінің немесе ашық жалынның әсеріне жол
бермеңіз (мысалы, теледидарға жанған майшамдарды
орнатуға болмайды).
• Құрылғы ылғал әсеріне ұшырамауы қажет.
• Шаңды бөлмелерде құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Теледидарды қоршаған ортаның төмен температура-
сында тасымалдау немесе сақтаудан кейін қуат көзі
желісіне қосқанға дейін бөлме температурасында ұстау
уақыты 5 сағаттан кемболмауы тиіс.
Тазалау
• Құрылғының экраны мен корпусын жұмсақ, таза шү-
берекпен немесе арнайы сұйық тазартқыш құралмен
шаңнан тазартыңыз.
• Экранды тазалау кезінде баспаңыз.
• Экранды сумен немесе химиялық заттармен жууға бол-
майды - бұл теледидардың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Теледидарды қабырғаға бекіту
Ескерту: Бұл операцияны орындау үшін екі адам
қажет.
Қауіпсіз орнатуды қамтамасыз ету үшін мыналарды
ескеру қажет:
• Қабырға теледидар мен қабырғалық бекіткіштің сал-
мағын көтере алатындығына көз жеткізіңіз.
• Жиынтықтағы қабырғалық бекіткіштің нұсқауларын
орындаңыз.
• Теледидарды тек тік қабырғаға орнату керек.
• Тек қабырға материалына сәйкес келетін монтаждау
бұрандаларды қолданыңыз.
• Телевизиялық баусымдар мен кәбілдерді олар адамдар-
дың қозғалысына кедергі келтірмейтіндей етіп орнала-
стыру керек.
Біздің теледидарларымыздың кез келген нұсқаулығын-
дағы қауіпсіздік туралы ақпаратты пайдалануға болады.
(Ескертпе: теледидардың барлық үлгілері қабырғаға
орнатыла бермейді. Қабырғаға бекітуге арналған крон-
штейн жиынтыққа кірмейді.)
Бұл нұсқаулық теледидар сигналдарын қабылдауға арналған сұйық кристалды ТСЦ түрлі-түсті теледидарға
қолданылады және тұтынушыға дұрыс және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажет ақпаратты қамтиды.

Содержание

Скачать