Tcl 43P615 [39/44] Басқа мәліметтер

Tcl 43P615 [39/44] Басқа мәліметтер
17/KZ
Басқа мәліметтер
Заңды күйі
[Заңды күйі] TCL- осы теледидар өндірушісі
Смарт ТД-сервистерді пайдаланатын өнімдердің
әртүрлі мүмкіндіктеріне, сондай-ақ қолжетімді
контенттегі шектеулерге байланысты кейбір
функциялар, қосымшалар мен қызметтер барлық
құрылғыларда немесе барлық аумақтарда қолжетімді
болмауы мүмкін. Смарт ТД кейбір функциялары
қосымша перифериялық құрылғыларды немесе
бөлек сатылатын мүшелік жарналарды қажет етуі
мүмкін. Өтініш, нақты құрылғылар мен контенттің
қол жетімділігі туралы қосымша ақпарат алу үшін
біздің веб-сайтқа кіріңіз. Смарт ТД арқылы қызметтер
мен контенттің қолжетімділігі алдын ала ескертусіз
мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін.
Бұл құрылғы арқылы қол жетімді барлық контент
пен қызметтер үшінші тұлғаларға тиесілі және
авторлық құқық, патент, тауарлық белгілер және/
немесе басқа зияткерлік меншік туралы заңдарымен
қорғалған. Мұндай контент пен қызметтер тек сіздің
жеке коммерциялық емес пайдалануыңыз үшін
ұсынылады. Контент иесі немесе қызмет жеткізушісі
рұқсат бермеген тәсілмен сіз кез келген контентті
немесе қызметті пайдалана алмайсыз. Жоғарыда
айтылғандарды шектеместен, егер тиісті контент иесі
немесе қызмет жеткізушісі тікелей рұқсат етпесе, Сіз
осы құрылғы арқылы көрсетілетін контентті немесе
қызметтерді өзгертуге, көшіруге, қайта шығаруға,
жүктеуге, жариялауға, жіберуге, аударуға, сатуға,
туынды жұмыстарды жасауға, пайдалануға немесе
таратуға құқылы болмайсыз.
Сіз құрылғыны пайдалану тек Сіздің жеке
тәуекеліңізге орай және қанағаттанарлық сапаға,
өнімділікке және дәлдікке қатысты барлық тәуекел
Сізге жататындығын тікелей мойындайсыз және
келісесіз. Құрылғы және барлық үшінші тарап
контенті мен қызметтері «сол қалпында», ешқандай
айқын немесе ұйғарынды кепілдіксіз ұсынылады.
TCL құрылғыға және кез-келген контентке және
қызметтерге қатысты барлық айқын және ұйғарынды
кепілдіктер мен шарттардан тікелей бас тартады,
оның ішінде тауарлық жарамдылық, қанағаттанарлық
сапа, белгілі бір мақсатқа жарамдылық, дәлдік,
тыныш пайдалану және үшінші тараптардың
құқықтарын бұзбау кепілдіктері. TCL осы құрылғы
арқылы ұсынылатын кез-келген контенттің немесе
қызметтің дәлдігіне, сенімділігіне, уақтылығына,
заңдылығына немесе толықтығына кепілдік
бермейді және құрылғы, контент немесе қызметтер
сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетініне немесе
құрылғының немесе қызметтің үздіксіз немесе қатесіз
болатынына кепілдік бермейді. Ешқандай жағдайда,
соның ішінде немқұрайлылық жағдайында, TCL
келісім-шарт бойында немесе деликт бойынша
болсын, кез-келген тікелей, жанама, кездейсоқ,
ерекше немесе іліспе шығындар, адвокаттардың
ақысы, шығыстар немесе құрылғыдағы немесе
құрылғыны пайдалану нәтижесінде қандай-да бір
ақпарат нәтижесінде немесе сонымен байланысты
туындаған, сондай-ақ сіз немесе кез келген үшінші
тарап қол жеткізген кез келген контент немесе қызмет
үшін, тіпті егер мұндай шығын туралы ескертілсе де,
басқа залалдар үшін жауап бермейді.
Үшінші тарап қызметтері кез-келген уақытта
ескертусіз өзгертілуі, тоқтатыла тұруы, жойылуы,
тоқтатылуы немесе үзілуі мүмкін және TCL кез-
келген конте немесе қызмет кез-келген уақыт
аралығында қол жетімді болатынына ешқандай
мәлімдеме немесе кепілдік бермейді. Контентті
және қызметтерді үшінші тараптар TCL ешқандай
бақылауы жоқ желілер мен ақпарат беру құралдары
арқылы жібереді. Осы жауапкершіліктен бас
тартудың жалпы сипатын шектемей, TCL осы
құрылғы арқылы қолжетімді кез келген контентті
немесе қызметті өзгерту, үзу, сөндіру, жою немесе
тоқтата тұру үшін кез келген жауапкершіліктен
бас тартады. TCL кез-келген жағдайда, алдын ала
ескертусіз немесе жауапкершіліксіз белгілі бір
қызметтерді немесе контентті пайдалануға немесе
қол жеткізуге шектеулер қоя алады. TCL контентпен
және қызметтермен байланысты клиенттерге қызмет
көрсету үшін жауап бермейді. Контентке немесе
қызметтерге қатысты кез-келген сұрақ немесе қызмет
көрсету сұранысы тікелей тиісті контент пен қызмет
жеткізушілеріне жіберілуі керек.

Содержание

Скачать