Tcl 43S5200 [32/44] Бөлім

Tcl 55P725 [32/44] Бөлім
10/KZ
4 бөлім
Сіздің теледидарыңыздың қосымша мүмкіндіктері
Арналарды баптау
Бұл бөлімде арналарды автоматты түрде қалай іздеу
және сақтау керектігі сипатталған. Бұл төмендегі
жағдайлардың кез-келгенінде жасалуы мүмкін:
- Сізге теледидар режимінде арналар жоқ екендігі
туралы хабарланады;
- Сіз арналарды жаңартқыңыз келеді.
1. Теледидар режимінде ҚБ пультіндегі
басып,
Арна > Арнаны сканерлеу дегенді таңдаңыз. Кіру
үшін ОК/► басыңыз.
2. Теледидар арналарды сіздің еліңізге немесе
аймағыңызға сәйкес орнатады және реттейді.
Елді/Аймақты таңдау үшін ▲ / ▼ басыңыз, содан
кейін кіру үшін ОК/► басыңыз. Егер сіз Жүйе >
Бұғаттау мәзірінде құпиясөзді өзгерткен болсаңыз,
1234 әдепкі құпиясөзді немесе жеке құпиясөзді
енгізіңіз. Елді немесе аймақты таңдау үшін ▲ / ▼
басыңыз, растау үшін OK басыңыз.
3. Автоматты іздеуді таңдау үшін ▲ / ▼ басыңыз,
содан кейін кіру үшін ОК/ ► басыңыз.
4. Тюнер режимін таңдау үшін ▲ / ▼ басыңыз , содан
кейін Кәбілді, Антеннаны немесе Спутникті таңдау
үшін ◄/► басыңыз. (Ескертпе: Спутник опциясы
тек кейбір үлгілерде қолжетімді.)
5. Басқа опцияларды таңдау үшін ▲/▼ басыңыз
және конфигурация үшін ◄/► қолданыңыз.
6. Конфигурация аяқталғаннан кейін Іздеуді
таңдау үшін ▼ басыңыз, содан кейін арналарды
сканерлеуді бастау үшін ОК басыңыз.
7. Арнаны іздеуге бірнеше минут кетуі мүмкін.
Автоматты түрде іздеуден кейін арналар
берілген ретпен орналасады. Егер сіз арналарды
жасырғыңыз немесе орындарын ауыстырғыңыз
келсе, ҚБ пультіндегі
басыңыз, Арна > Арна
ұйымдастырушысын таңдаңыз, содан кейін кіру
үшін ОК/ ► басыңыз.
Ескерту: Егер арналарды іздеу жүйесі тек аналогтық
арналарды анықтаса, бұл әлсіз сигналға
байланысты болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда өндірушінің кепілдігі
қолданылмайды. Өндірушілер хабар таратудың
болмауы немесе хабар таратудың төмен
сапасы үшін жауап бермейді.
Жалпы интерфейс
(*кейбір үлгілерде қолжетімді емес)
Шифрланған цифрлық телеарналарды шартты қол
жеткізу модулі (CAM) және цифрлық телевидение
сервисінің операторы ұсынатын карта көмегімен
декодтауға болады
CAM Сіз таңдаған оператор мен сервистерге
байланысты бірнеше цифрлық сервистерді қамтуы
мүмкін (мысалы, ақылы телевидение). Сервистер
мен шарттар туралы қосымша ақпарат алу үшін
өзіңіздің цифрлық телевидение операторына
хабарласыңыз.
Жалпы интерфейс функциясын қол-
дану
ЕСКЕРТУ: CAM орнатпас бұрын, теледидарды
сөндіріңіз Төменде испатталған нұсқауларды
нақты орындаңыз. Дұрыс орнатылмаған CAM
модульге де, теледидарға да зиян келтіруі
мүмкін.
1. CAM-да басылған нұсқауларды орындау арқылы
модульді ТД жалпы интерфейс слотына ақырын
салыңыз.
2. Модульді тірелгенше салыңыз.
3. Теледидарды қосыңыз және жалпы интерфейс
функциясының іске қосылуын күтіңіз. Бұған
бірнеше минут кетуі мүмкін.
Ескертпе: Ұяшықтан CAM шығармаңыз.
Модульді шығару цифрлық
сервистердің сөндірілуіне әкеледі.
Жалпы интерфейс сервистеріне қол-
жетімділік
CAM орнатып, іске қосқаннан кейін қашықтан басқару
пультіндегі
басыңыз, Арна > Жалпы интерфейсті
таңдаңыз, содан кейін кіру үшін OK/ ► басыңыз. Бұл
опция CAM дұрыс орнатылған және іске қосылған
жағдайда ғана қолжетімді. Экрандағы қосымшалар
мен контентті цифрлық телевидение сервисінің
операторы ұсынады.
Ескертпе: Бұл функция тек DTV көзінде қолжетімді.
Субтитрлерді қолдану
Сіз әр телеарнаға субтитрлерді қоса аласыз.
Субтитрлер цифрлық телемәтін немесе DVB-T/
DVB-T2/DVB-C/DVB-S/DVB-S2 цифрлық
хабар тарату арқылы таратылады. Цифрлық
таратылымдардың арқасында Сізде қалаған субтитр
тілін таңдауға қосымша мүмкіндік болады.
Ескертпе: Кейбір опциялар Субтитрлер Қос күйде
орнатылған кезде ғана қолжетімді.
Субтитрлерді қосу/сөндіру
1. ҚБ пультіндегі басып , Арна > Субтитрлер
дегенді таңдап, кіру үшін ОК/► басыңыз.
2. Субтитрлер опциясын таңдап, қосулы және
сөндірулі режимдер арасында ауыстырып қосылу
үшін ОК басыңыз.
3. Мәзірді жабу үшін
басыңыз.
Цифрлық телеарналарда субтитрлер
тілін қосу
1. ҚБ пультіндегі басыңыз, Арна > Субтитрлер
> Бірінші цифрлық субтитр тілін таңдаңыз, содан
кейін кіру үшін ОК/ ► басыңыз.
2. Субтитр тілін қалаған тіл ретінде таңдау үшін ▲/▼
басыңыз, растау үшін OK басыңыз.
3. Екінші цифрлық субтитр тілін таңдау үшін ▲/▼
басыңыз, содан кейін кіру үшін ОК/► басыңыз.
4. Қосымша субтитрлер тілін таңдау үшін ▲/▼
басыңыз, растау үшін ОК басыңыз.
5. Мәзірді жабу үшін
басыңыз.

Содержание