Artel A85LU9500 [39/53] Ескерту

Artel A65LU8500 [39/53] Ескерту
КІРІСПЕ
Қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық
Қауіп белгісі
Ескерту белгісі
Пайдаланушыға жоғары кернеу
туралы ескертіп отыр.
Пайдаланушыға барлық іс-әрекеттерді
нұсқауларға сәйкес орындауды ескертеді.
Құрылғыны тазалау кезінде абразивті
материалдарды немесе органикалық қосылыстарды
(алкоголь, бензин және т.б.) қолданбаңыз.
Құрылғының корпусын тазалау үшін азғантай
мөлшерде бейтарап жуғыш сұйықтықтардан
қолдануға болады; экранды тазарту үшін құрғақ
жұмсақ шүберекті немесе LCD мониторлары үшін
арнайы майлықтарды пайдаланыңыз.
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын
болсаңыз немесе найзағай алдында, оны электр қуат
көзінен және теледидар антеннасының кабелінен
ажыратыңыз. Найзағай кезінде құрылғыны, қуат
сымын немесе антенна кабелін ұстамаңыз!
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
батареяларды қашықтан басқару пультінен суырып
алыңыз.
Телебағдарламаларды көргенде теледидардың
дыбыс деңгейін басқаруды максималды деңгейінің
1/2 бөлігінен асырмаған жөн. Жоғары дыбыс
деңгейінде ұзақ тыңдау есту қабілетіңізді
нашарлатуы, ал максималды дыбыс деңгейі дауыс
зорайтқышты зақымдауы мүмкін.
Егер теледидар экранындағы кескін ұзақ уақыт
бойы қозғалмаса, матрицада қалдық кескіндер
«Статикалық кескін эффектісі»деп аталатын бейнелер
пайда болуы мүмкін.
Теледидарды пайдалану экранның бүкіл ауданын
алатын, үнемі өзгеріп тұратын кескінді қарауды
білдіреді.
Бұл нұсқаулықтағы барлық иллюстрациялар
объектілердің схемалық көрінісі болып табылады
және олардың нақты көрінісінен өзгеше болуы
мүмкін.
СЕРТИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
ЕСКЕРТУ:
Құрылғыны пайдаланудан алдын бұл нұсқаулықпен мұқият
танысып шығыңыз. Оны болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Ешқашан құрылғыны және оның сыртқы блогын өз
бетіңізше ашпаңыз, бұл электр тогының ұруына себеп болуы
мүмкін, әрі құрылғының қатардан шығып қалуына және
жасап шығарушының кепілдікті міндеттемелердің жоққа
шығарылуына алып келеді. Жөндеу және техникалық қызмет
көрсету бойынша тек білікті мамандарға жүгініңіз.
Құрылғыны қуаттандыру үшін сипаттамасы тиісті электр
желісін қолданыңыз.
Құрылғыны тек осы аудиобейнеқұрамдастар
үшін арналған
жалғастырғыш кабельдерімен қосыңыз.
Құрылғыны күн сәулесінің тікелей түсуінен, төмен және
жоғары температурадан, жоғары ылғалдылықтан сақтаңыз.
Температураның және ылғалдылықтың кенет өзгеруіне жол
бермеңіз. Құрылғыны салқын жерден жылы жерге
жылжытқанда және керісінше, құрылғыны қолданар
алдында орамасынан шығарып қойып, оны іске қоспай 1-2
сағат күтіңіз.
Құрылғыға бөгде заттарды орнатпаңыз. Құрылғыны
соққылардан, құлаудан, сілкінулерден және басқа
механикалық әсерлерден қорғаңыз. Есіңізде болсын -
құрылғының экраны морт және ол тіпті болмашы қозғалыс
арқылы да зақымдалуы мүмкін.
Құрылғының артқы жағындағы желдету тесіктерін бітемеңіз
және оны жұмыс істеп жатқан кезінде, құрылғыны қалыпты
салқындату мүмкін болмайтын жерге орнатпаңыз. Жақсы
желдетілуі үшін құрылғының айналасында кемінде 10 см бос
орын қалдыруды ұсынамыз.
Құрылғыны жеткізілім жинағына кіретін демеуіш пен бекіту
элементтері жинағын қолданып, тек қатты, тегіс жерге
орнатыңыз. Айналмалы негізге немесе кронштейнге
орнатқан кезде, қуат беру кабелінің электр қуат көзінен тез
ажыратылуы қажеттілігі жағдайында бос болуы үшін қуат
сымының созылып кетпеуін қадағалап тұрыңыз. Штепсельдің
айыры электр қуат көзінен тез өшірілуі жағдайы үшін оңай
қолжетімді болуы керек.
Құрылғыны қабырғаға орнатқанда, жарақаттанулар мен
пен құрылғыға зақым келтірмеу үшін құрылғының салмағы
мен көлемін ескере отырып, арнайы бекіткіштер мен
кронштейндерді ғана қолданыңыз. Қажет болса, білікті
мамандарға хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать