Moulinex PULSEO LM17GD10 Руководство по эксплуатации онлайн [52/122] 785806

Moulinex PULSEO LM17GD10 Руководство по эксплуатации онлайн [52/122] 785806
49
Сіздің электр желіңіздің кернеуі құралдың жұмыс кернеуіне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құралды қосу барысындағы кез келген қате кепілдіктің күшін
жояды.
Құрал теңіз деңгейінен 2000 м биік жерде тек тұрмыстық қолдану
үшін ғана арналған.
Құралды коммерциялық пайдалану немесе дұрыс қолданбау
кезінде, сондай-ақ нұсқаулық ережелерін сақтамаған жағдайда
құрал кепілдігінің күші жойылады.
Құралды қараусыз қалдырған жағдайда, сонымен қатар
құрастырудан, бөлшектеуден немесе тазалаудан бұрын құралды
үнемі желіден ажыратыңыз.
Құралды дұрыс қолданбаудан жарақат алу қаупі жоғары!
Егер құралыңыз дұрыс жұмыс жасамаса немесе зақымданса,
құралды қолданбаңыз. Мұндай жағдайда уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (тізімді қызмет көрсету кітапшасынан
қараңыз).
Тазаулау мен ағымдағы қызмет көрсетуден басқа, құралға
көрсетілетін кез келген техникалық операция тек уәкілетті қызмет
көрсету орталығында орындалады.
Құрал тек тағамдық өнімдерді араластыру үшін арналған.
Бос құралды (ингредиенттерсіз) іске қоспаңыз және оны тек қатты
өнімдермен ғана толтырмаңыз.
Құралға қатты өнімдерді салмас бұрын оған алдымен сұйық
ингредиенттерді салыңыз.
Ыдысты не оның бөлшектерін (үлгісіне қарай) контейнер ретінде
(сақтау, тоңазыту, пісіру, зарарсыздандыру үшін) қолданбаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құралды сілкімеңіз.
Ыстық өнімдерді араластыру үшін жылу көзінен ішінде өнімдер
әзірленген ыдысты шешіп алыңыз.
Ыдыстың толып кетуін болдырмау үшін ыдыстағы жоғарғы деңгей
көрсеткішінен асырмаңыз.
Құралдың қозғалмалы бөлшектеріне (пышақтар, т.с.с.) қол
тигізбеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения