Samsung RB36T774FWW/WT [112/216] Іске пайдалану

Samsung RB36T774FWW [112/216] Іске пайдалану
Іске пайдалану
Қазақ36 
Іске пайдалану
Қажетті температураны немесе функцияны орнату
1. Дисплейді қосу үшін (<, O немесе >) түймесін түртіңіз.
- Кей үлгілерде бұл қадам болмауы мүмкін.
2. Мұздатқышты немесе тоңазытқышты таңдау үшін O түймесін түртіңіз.
- Таңдалған бөліктің индикаторы жыпылықтайды.
- Целсий (°C) белгісі жыпылықтамайды.
3. Қажетті температураны немесе функцияны таңдау үшін < немесе > белгісін түртіңіз.
- Әр бөліктің қолжетімді параметрлерін кестеден қараңыз.
Fridge
оңазытқыш)
Қолжетімді параметрлер:
(Қарқынды салқындату) 1 °C 2 °C 3 °C
4 °C 5 °C 6 °C 7 °C (Демалыс)
Қарқынды салқындату функциясы желдеткішті ең үлкен жылдамдыққа қойып,
салқындатуды тездетеді. Тоңазытқыш екі жарым сағат ең үлкен жылдамдықта
жұмыс істеп тұрады да, содан кейін алдыңғы температураға қайтады.
Демалысқа немесе іс-сапарға бара жатсаңыз немесе тоңазытқышты ұзақ
уақыт пайдаланбауды жоспарласаңыз, Демалыс функциясын қолданыңыз.
Тоңазытқыш температурасы 17 °C градустан төмен қалыпта ұсталады, бірақ
мұздатқыш алдыңғы орнатылған қалпы қосулы тұрады.
Freezer
(Мұздатқыш)
Қолжетімді параметрлер:
(Қарқынды мұздату) -23 °C -22 °C -21 °C
-20 °C -19 °C -18 °C -17 °C -16 °C -15 °C
Қарқынды мұздату функциясы желдеткішті ең үлкен жылдамдыққа қойып,
мұздатуды тездетеді. Мұздатқыш 50 сағат макс. жылдамдықпен жұмыс
істеп тұрады да, алдыңғы температурасына қайтарылады. Көп мөлшердегі
тағамды мұздату үшін тағамды мұздатқышқа салу алдында Қарқынды мұздату
функциясын кемінде 20 сағат қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Осы функцияны қолданған кезде тоңазытқыш көп қуат тұтынады. Бұл функцияны
қажетсіз кезде сөндіріп, мұздатқышты бастапқы температура параметріне қоюды
ұмытпаңыз.
4. Параметрді растау алдында 5 секунд күтіңіз.
- Таңдалған бөліктің индикаторы жыпылықтауын тоқтатады.
ЕСКЕРТПЕ
Қарқынды салқындату немесе Қарқынды мұздату функциясын қолданғанда, пайдаланылатын қуат
мөлшері артады.
Untitled-5 36 2020-08-19  11:09:12

Содержание

Похожие устройства

Скачать