Samsung RB36T774FWW/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [93/216] 785810

Samsung RB36T774FWW/WT Инструкция по эксплуатации онлайн [93/216] 785810
Қазақ  17
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып
алыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
Балаларға тартпаны басып кетуге рұқсат бермеңіз.
- Тартпа сынып, балалар тайып құлап кетуі мүмкін.
Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық
қалдырмаңыз және балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге
жол бермеңіз.
Сәбилер мен балалардың тартпаға кіруіне жол бермеңіз.
- Қамалып қалып, тұншығу немесе жарақат алуға
байланысты мерт болу қаупі бар.
Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.
- Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып қалуы
немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.
Құрылғының бетіне құрт-құмырысқа жойғыш тәрізді ұшқыш
спрейді шашпаңыз.
- Адамдарға зиянды болумен қатар, электр тогы соғуы, өрт
қатерін тудыруы немесе құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
Су құйылатын саңылауға, мұз науасына және мұз
жасағыштың себетіне саусақтарыңызды немесе басқа
заттарды ешқашан салмаңыз.
- Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.
Тұтанғыш спрей, тұтанғыш заттар, құрғақ мұз, дәрі-дәрмек
немесе химикат тәрізді температураға сезімтал заттарды
құрылғының қасында пайдаланбаңыз немесе ішіне қоймаңыз.
Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті
қолданбаңыз. Тоңазытқыштың ішіне жағымсыз иісті кетіру
үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Untitled-5 17 2020-08-19  11:09:10

Содержание

Похожие устройства

Скачать