Samsung VS20R9046T3/EV Руководство по эксплуатации онлайн [69/129] 785950

Samsung VS20R9046T3/EV Руководство по эксплуатации онлайн [69/129] 785950
4
Қазақша
ДАЙЫНДЫҚ
Осы талаптар орындалмаса, шаңсорғыштың ішкі бөлшектеріне зақым келіп,
кепілдік заңды күшінен айырылуы мүмкін.
Жалпылама ақпарат
Нұсқаулардың барлығын мұқият оқып шығыңыз. Шаңсорғышты тоққа қосар
алдында электр желісіндегі кернеудің шаңсорғыштың артқы жағындағы
техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген мәнге сай келетініне көз
жеткізіңіз (батарея контактысының тұсындағы).
ЕСКЕРТУ: Шаңсорғышты дымқыл төсеніш немесе еден үстінде пайдалануға
болмайды.
Балалар кез келген құрылғыны қолданса немесе құрылғылардың қасында
жүрсе, оларға мұқият назар аудару керек. Шаңсорғышты ойыншық ретінде
қолдануға рұқсат бермеңіз. Шаңсорғышты ешқашан қараусыз іске қосып қоюға
болмайды. Шаңсорғышты нұсқауларда көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.
Шаңсорғышты шаң жинайтын сауытсыз қолдануға болмайды.
Шаңсорғыш барынша тиімді жұмыс жасау үшін оның шаң сауытын толмай
тұрып ауыстырыңыз.
Шаңсорғышты сіріңкені, ыстық күлді немесе темекі тұқылын тазалау үшін
қолданбаңыз. Шаңсорғышты пештен және басқа қызу көздерінен алыс ұстаңыз.
Қызудың әсерінен құрылғының пластик бөліктерінің түсуі оңуы немесе пішіні
бұзылуы мүмкін.
Қатты, өткір заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз, себебі бұлар
шаңсорғыштың бөлшектеріне нұқсан келтіруі мүмкін.
Ауа соратын немесе шығаратын саңылауларын бітемеңіз.
Құрылғыға нұқсан келтірмеу үшін оны сымынан тартпай, ашасынан ұстап
суырыңыз.
3_VS9000_KK_00821B-00_CIS.indd 4 2019-02-25 오후 3:24:38

Содержание

Похожие устройства

Скачать