Samsung VS20R9046T3/EV [92/129] Жұмыс істеу

Samsung VS20R9046T3/EV [92/129] Жұмыс істеу
27
Қазақша
ҚОСЫМША
Тоғы таусылған батареяны тастаған кезде, оны батареяны қайта өңдеу үшін
жинайтын қорапқа салыңыз.
Шаңсорғышты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны шаңсорғыштан
ағытыңыз.
Батареяны шаңсорғышқа орнатқан кезде сырт еткен дыбыстың естілуін күтіңіз.
Бұл батареяның мықтап орнатылғанын білдіреді.
Әйтпесе батарея құлап, құрылғыға нұқсан келтіруі немесе адамды
жарақаттауы мүмкін.
Батареяны құлатып немесе кенет соғып алмаңыз.
Батареяны қайта орнатпаңыз және оң (+) және теріс (-) ағытпалардың
арасында қысқа тұйықталудың болмауын қамтамасыз етіңіз.
Шамадан тыс көп іске қосқанда не температура әсер еткенде, батарея
ұяшығынан сұйық ағуы мүмкін. Аққан сұйық теріңізге тисе сумен дереу
жуыңыз. Сұйықтық көзіңізге тамса, таза сумен дереу кем дегенде 10 минут
бойы шайыңыз. Дәрігерлік көмек алыңыз.
Қозғалтқыш пен батареяны қорғау үшін шаңсорғышты 5 °C градустан төмен
немесе 45 °C градустан жоғары температура жағдайларында пайдалануға
болмайды.
Жұмыс істеу
ЕСКЕРТПЕ
Шөткеге шамадан тыс күш салынғанда немесе айналатын шөткеге (барабанға)
бөгде зат түсіп кетсе, моторды немесе құрылғыны қорғау үшін шөтке жұмыс
істемеуі мүмкін. Шаңсорғышты сөндіріп, бөгде затты алып, содан кейін
шаңсорғышты қайта қосыңыз. Егер шаңсорғыш іске қосылмаса, сөндіріңіз де,
қайта қосыңыз.
3_VS9000_KK_00821B-00_CIS.indd 27 2019-02-25 오후 3:24:59

Содержание

Похожие устройства

Скачать