Samsung VS20R9046T3/EV Руководство по эксплуатации онлайн [76/129] 785950

Samsung VS20R9046S3 POWERSTICK Jet Руководство по эксплуатации онлайн [76/129] 432504
11
Қазақша
ДАЙЫНДЫҚ
Зарядтағыш тұрғыны розеткаға қосу немесе суыру алдында құрылғыны өшіріңіз
және қуат ашасының істікшесінің қолыңызға тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Әйтпесе, өрт немесе электр қатері болуы мүмкін.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде қозғалатын немесе айналмалы бөлшектер
жарақаттамау үшін абай болыңыз.
Шаңсорғыштың шөткесіне дене мүшелерінің (шаш, т.б.) сорылып кетпеуін
қадағалаңыз.
Қабырғаны не төбені тазалаған кезде, екі қолмен жұмыс істеу қажет.
Шаңсорғышты екі қолмен тазалау керек. Егер бір қолмен тазаласаңыз,
қолыңыздың буынына зақым келтіріп, шаңсорғышқа нұқсан келтіруіңіз немесе
жарақат алуыңыз мүмкін.
Шаңсорғышты жинау барысында, тұтқаның бүктелген қозғалысы кезінде
саусақтарыңызды қыстырып немесе қолыңызды жаралап алмаңыз.
Шаңсорғышты оңай сызат түсетін заттарды (монитор, тот баспайтын темірден
жасалған тұрмыстық құрылғылар, т.б.) тазалау үшін пайдаланбаңыз.
Шаңсорғышты автокөліктің ішінде сақтауға болмайды.
Шаңсорғышты пайдалану кезінде оны сумен жуып тазалауға болмайды.
Шаңсорғышты тек құрғақ жерлерде ғана пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты дымқыл жерде не суда пайдалануға болмайды.
Шаңсорғышты төгілген сусынды немесе үй жануарларының зәрі мен нәжісін
тазалау үшін пайдалануға болмайды.
Шаңсорғышты күн сәулесі тура түсетін немесе өте ыстық жерде пайдалануға
болмайды.
3_VS9000_KK_00821B-00_CIS.indd 11 2019-02-25 오후 3:24:39

Содержание

Похожие устройства

Скачать