Samsung VS20T7532T1/EV [90/128] Ескертпелер мен ескертулер

Samsung Jet 75 Pet VS20T7532T1 [90/128] Ескертпелер мен ескертулер
ҚОСЫМША
Батареяны пайдалану
ЕСКЕРТПЕ
Батареяны зарядтағаннан кейін шаңсорғыш жұмыс істемесе, батареяны ауыстырыңыз.
Жаңа батарея салғаннан кейін де жұмыс істемесе, Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Samsung қызмет көрсету орталығынан батарея сатып алғанда, батареяға Samsung
фирмалық логотипінің (
) жапсырылғанын және батареяның атауын
тексеріңіз (VS20T75**** сериялары: VCA-SBT90 / VS15T70**** сериялары: VCA-SBT90E).
АБАЙЛАҢЫЗ
Батареяны не қабырғалық аспа құралды бөлшектеуге болмайды.
Батареяны қызу әсеріне ұшыратуға және батареяны отқа қоюға болмайды.
Бұл батарея осы құрылғыға ғана арналғандықтан, оны басқа электрондық
құрылғыларға салмаңыз немесе басқа мақсатта қолданбаңыз.
Жұмыс кезінде батареяны алсаңыз, құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Шаңсорғыштың қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде батареяны алсаңыз,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, батареяны қайта орнатқаннан кейін ол 30 секунд
істемеуі мүмкін.
Батареяны пайдалану уақыты артқан сайын батареяны зарядтау уақыты мен пайдалану
уақыты қысқаруы мүмкін. Батарея зарядталмаса немесе тез таусылып қала берсе,
таусылған батареяның орнына жаңасын салыңыз.
Өндірушіден алған қабырғалық аспа құрал мен батареяларды ғана қолданыңыз.
Батареяны орнату алдында оның дұрыс бағытта салынғанын тексеріңіз.
Тоғы таусылған батареяны тастаған кезде, оны батареяны қайта өңдеу үшін жинайтын
қорапқа салыңыз.
Шаңсорғышты ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны шаңсорғыштан ағытыңыз.
Батареяны шаңсорғышқа орнатқан кезде сырт еткен дыбыстың естілуін күтіңіз. Бұл
батареяның мықтап орнатылғанын білдіреді.
Әйтпесе батарея құлап, құрылғыға нұқсан келтіруі немесе адамды жарақаттауы
мүмкін.
Ескертпелер мен ескертулер
ҚОСЫМША
Қазақша
26
3_VS7000_KK_00837A-01_CIS.indd 26 2020-01-17 오후 2:56:00

Содержание

Похожие устройства

Скачать