Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [47/71] 786196

Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [47/71] 786196
Дозалау
Жуу құралының қаптамасында көрсетілген дозалау бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Дозалау келесілерге байланысты болады:
ластану дәрежесі мен түріне,
жуу көлеміне;
толықтай толтыру кезінде жуу құралын өндірушінің нұсқауларын орындаңыз,
жартылай толтыру кезінде: толық жүктеу үшін ұсынылған мөлшердің 3/4
қолданыңыз,
минималды толтыру кезінде (шамамен 1 кг): толық жүктеу үшін ұсынылған
мөлшердің 1/2 қолданыңыз,
елді-мекендегі судың кермектігі (ақпарат алу үшін сумен қамту кәсіпорнына
хабарласыңыз). Жұмсақ су үшін кермек суға қарағанда көбірек жуу құралы қажет
болады.
Ескертпелер
Дозадан асыру көбіктің түзілуіне алып келуі мүмкін, бұл жуу нәтижесін нашарлатады.
Көбіктің шектен тыс түзілуін анықтаған кезде машина сығу циклін орындамауы мүмкін.
Жуу құралының мөлшері жеткіліксіз болған кезде киім-кешектің түсі сұрланып кетеді.
Бұл сондай-ақ барабанда, қыздырғышта және шлангтарда ізбес шөгінділерінің
түзілуіне алып келуі мүмкін.
Жуу құралдары мен қоспаларды дозаторға салу
Жуу құралдарының дозаторының үш бөлігі бар (А немесе В суреті).
Алдын ала жууға арналған бөлік
Алдын ала жууға/жібітуге арналған жуу құралы
Негізгі жууға арналған бөлік
Негізгі жууға арналған жуу құралы
Дақ кетіргіш
Суды жұмсартқыш (су кермектігі 4)
Киім-кешекке арналған кондиционер бөлігі
Киім-кешекке арналған кондиционер

Содержание

Скачать