Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [48/71] 786196

Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [48/71] 786196
Ескертпелер
Жуу құралдары мен қоспаларды сенімді, құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Алдын ала жуу функциясы бар бағдарламалар үшін сұйық жуу құралдарын қолдануға
болады. Бұл жағдайда негізгі жууға арналған бөлікке тек кір жууға арналған ұнтақты
себіңіз.
«Кейінге қалдыруды аяқтау» функциясы қосылып тұрған кезде сұйық жуу құралын
қолданбаңыз (егер моделіңізде бар болса).
Концентрациясы жоғары жуу құралдарын құралмен бірге ұсынылатын дозалау
ыдысына құйыңыз және тікелей машина барабанына салыңыз.
Қақ кетіруге арналған құралды, бояғыштарды немесе ағартқыштарды қолдану кезінде
олардың кір жуу машиналарында қолдану үшін жарамды екеніне көз жеткізіңіз. Қақ
кетіруге арналған құралдардың құрамында кір жуу машинасының бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін заттар болуы ықтимал.
Еріткіштерді қолданбаңыз (мысалы, скипидар, бензин).

Содержание

Скачать