Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [49/71] 786196

Gorenje W1D2A854ADPS Руководство по эксплуатации онлайн [49/71] 786196
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Машина корпусы және басқару панелі
Жұмсақ дымқыл матамен сүртіңіз.
Бейтарап тазалау құралының аз ғана мөлшерін қолдануға болады (абразивтік
құралдарды қолданбаңыз).
Жұмсақ матамен құрғатып сүртіңіз.
Есік нығыздағышы
Қажет болған кезде дымқыл матамен сүртіңіз.
Нығыздағыш күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Жуу құралдарының дозаторы
1.
Негізгі жууға арналған бөліктегі блоктайтын иінтіректі басып, дозаторды алыңыз (С
немесе Е суреті).
2.
Кондиционерге арналған бөліктен торды шығарып алыңыз (D немесе F суреті).
3.
Бөлшектердің барлығын ағын сумен жуыңыз.
4.
Торды орнына орнатыңыз. Жуу құралдарының дозаторын кір жуу машинасына
салыңыз.
Сүзгі
Сүзгіні жүйелі түрде (жылына екі-үш реттен жиі емес) тексеру және тазалап тұру
ұсынылады.
Сүзгіні тазалауды талап ететін ерекше жағдайлар
Машина ағызуды немесе сығуды тиісті тәсілмен жүзеге асырмайды.
Сорғы бөгде заттармен (түймелер, тиындар, түйреуіштер) бітеліп қалған.
МАҢЫЗДЫ! Суды ағызбас бұрын машинадағы су суығанға дейін күтіңіз.

Содержание

Скачать