Gorenje MO20E1WH [113/140] Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулықтар

Gorenje MO20E1WH [113/140] Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулықтар
113
Дайындау кезінде аспаптың бетіне жəне олардың
қыздыру элементтеріне жанаспаңыз. Жұмыс істеу
кезінде беттер қызып кетеді. Балаларды қауіпсіз
арақашықтықта ұстаңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
Шағын толқынды энергия көзі. Жоғары кернеу.
Қақпағын алмаңыз.
Назар аударыңыз, аспап пен оның бөлшектері пайдалану
кезінде қызып кетеді. Абай болыңыз, қыздыру элементтеріне
қолыңызды тигізбеңіз. 8 жастан кіші балалардың үлкендердің
үнемі бақылауынсыз бұл аспапты пайдалануына тыйым
салынады. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз. Бұл
аспапты 8 жастан үлкен балалар пайдалана алады; мүмкіндіктері
шектеулі тұлғалар, сондай-ақ, мұндай құрылғымен жұмыс істеу
тəжірибесі жоқ тұлғалар қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз
ететін тұлғалардың бақылауымен жəне басшылығымен ғана
пайдалануға тиіс. 8 жастан кіші балалар тазартпауға жəне қызмет
көрсетпеуге тиіс, немесе үлкендердің бақылауымен жасауы
керек. Аспапты жəне оның желілік сымын балалардың қолдары
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ! Егер пеш аралас дайындау режимімен
жабдықталса, пештің камерасындағы жоғары температура
үшін үлкендердің қарауынсыз балалардың оны пайдалануына
рұқсат берілмейді (грилі бар модельдерде).
ЕСКЕРТУ! Егер есіктері мен тығыздауышы зақымданса, пешті
пайдалануға тыйым салынады. Жөндеу үшін авторландырылған
сервис орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ! Сəулелендіруден қорғайтын қақпақты шешіп алумен
байланысты сервис жұмыстарын білікті емес жəне өндіруші
авторландырмаған тұлғалардың орындауы қауіпті.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР

Содержание