Haier HF-242WG [8/20] Ескерту

Haier HF-242WG [8/20] Ескерту
8
KZ
қауіптерді түсінетін болса, тәжірибесі мен білімі болмаған жағдайда, 8 жастан асқан балалар мен дене, сенсорлық немесе мен-
тальды қабілеттері шектелген адамдар пайдалана алады. Балаларға осы аспаппен ойнауға болмайды. Ересектер тарапынан бақылау
болмаса, балалардың тазалауына және пайдаланушылық қызметті көрсетуіне болмайды.
Мұздатқыш жақсы желдетілетін жерде орналасуы керек. Мұздатқыштың үстінде кемінде 20 см және айналасында 10 см бола-
тынына көз жеткізіңіз.
Аспап пен газ құбырының ең аз рұқсат етілген қашықтығы 15 см, жуысуына жол берілмейді.
Аспап штепселдік айыр қолжетімділікте тұратындай етіп орналасуы тиіс.
Не істеуге болмайды ...
Мұздатқыш 220-240 Вт айнымалы / 50 Гц қуатымен жұмыс істейді. Кернеу дұрыс болмағанда, тоңазытқыш іске қосылмауы, тем-
ператураны реттеуіштің, компрессордың зақымдалуы, компрессор жұмыс істеп тұрған кезде қалыптас тыс шу туындауы мүмкін. Қажет
болған жағдайда, автоматты кернеу тұрақтандырғышты орнатыңыз.
Тоңазытқышты сенімді етіп жерге тұйықталатын арнайы розеткамен жабдықтау қажет. Тоңазытқыштың күш беретін кабелі стан-
дартты 3 тарамдық (жерге тұйықталған) розеткаға лайық келетін 3 тарамдық (жерге тұйықталған) штепсельдік айырмен жабдықталған.
Ешқашан 3-ші түйісуді (жерге тұйықтау) кеспеңіз немесе бөлшектемеңіз. Тоңазытқышты орнатқан соң, айыр қолжетімді жерде қалуы
тиіс.
Тоңазытқыш ішінде ешқашан оңай тұтанатын, жарылысқа қауіпті немесе тоттану-белсенді материалдарды сақтамаңыз.
Тоңазытқышта дәрі-дәрмектерді, бактериологиялық немесе химиялық заттарды сақтамаңыз. Осы тоңазытқыш тұрмыстық аспап
болып табылады. Оның ішінде қатаң температуралық жағдайда сақтауды қажет ететін материалдарды салуға болмайды.
Өрт пайда болмауы үшін, тоңазытқышқа тікелей жақын жерде бензинді немесе оңай тұтанатын басқа заттарды сақтамаңыз және
пайдаланбаңыз.
Үстіне заттардың құлап түсуінен дене зақымдарын алмау үшін, тұрақсыз заттарды (ауыр объектілер, ішінде сұйықтығы бар контей-
нерлер) тоңазытқыштың үстіңгі бөлігіне салмаңыз.
Азық-түлік пен сусындарды толтыру және шығару кезінде, мұздату камерасының есігін, сөрелерді немесе оның корпусын аяқпен
баспаңыз.
Мұздатқыш жұмыс істеп тұрған кезде оның ішін ұстамаңыз, әсіресе дымқыл қолмен, себебі қолыңыз бетіне қатып қалуы мүмкін.
Тоңазытқыштың электрлк оқшаулауын сақтауды қамтамасыз ету үшін, тоңазытқышқа су шашпаңыз және сумен жумаңыз, тоңа-
зытқышты ылғал жерге немесе үстіне су төгілетін жерге орналастырмаңыз. Су шашырандылары мен дақтарды жұмсақ таза матамен
тазалаңыз және кептіріп алыңыз.
Тоңазытқышқа жөндеу жүргізуді, бөлшектеу мен өзгерістер енгізуді мамандандырылған сервистік орталықтың маманы жүргізуі
тиіс.
Тоңазытқыштың кез келген бірден немесе өрескел қозғалуы суыту құбырларын зақымдауы мүмкін. Нәтижесі меншік мүлкін
жоғалтуға немесе дене жарақатын алуға әкелуі мүмкін.
Сәбилердің немесе балалардың мұздату камерасының жәшіктеріне кіріп алуына жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші ұсынған аспаптарды қоспағанда, азық-түлік сақтауға арналған бөлімдердің ішінде электр аспапта-
рын пайдалануға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүйеде жоғары қысымды салқындатқыш бар. Жүйені ашпаңыз. Сервисті тек мамандандырылған сервис
орталығының мамандары жүзеге асырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хладагент сұлбасын зақымдауға жол бермеңіз.
Тоңазытқыштың ішкі бөлігін кептіріп алу үшін, шаш кептіруге арналған фенді пайдаланбаңыз. Иісті кетіру үшін тоңазытқыш ішінде
жағылған шамды орналастырмаңыз.
Аспаптың ешбір бетіне инсектицидтер сияқты ұшатын субстанцияларды тозаңдатпаңыз.
Есіктің жылжу радиусы шегінде балалар жоқ кезде ғана тоңазытқыштың есіктерін ашыңыз немесе жабыңыз.
Егер қауіпсіздік үшін жауапты тұлға аспапты пайдалануды бақыламаса және ол туралы нұсқаулық бермесе, осы аспапты дене,
сенсорлық немесе ментальдық мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса алғанда) пай-
далануына арналмаған.
Компрессордың едәуір ұзақ жұмыс істеуін немесе азық-түліктердің қлап түсуін болдырмау үшін. Жәшіктерді жүктеу желісінен
асыруға болмайды. Азық-түліктің жалпы салмағы 30 кг аспауы тиіс. Азық-түліктің еденге түсіп қалуын болдырмау үшін, мұздатқыштың
жәшігін тым қатты немесе қиялатып ашпаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші ұсынған әдістерді қоспағанда, механикалық аспаптарды немесе ерітуді жеделдетудің басқа әді-
стерін пайдалануға болмайды.
Асппа ішінде жарылыс қаупі бар объектілерді, әсіресе, тұтанатын толтырғышы бар аэрозольды баллондарды жинамаңыз.
Тоңазытқыш ішінде жарықтанумен байланысты әлдебір мәселе туындаған жағдайда, мәселені жою үшін мамандандырылған
сервистік қызметпен хабарласыңыз, өз бетінше ауыстыруға жол берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының оңтайлы жұмысын қамтамасыз ету үшін оны қоршаған ортаның берілген температурасында
пайдалану ұсынылады. Жабдықты қоршаған ортаның кем дегенде -15°C температурасында пайдалануға болады.
Тоңазытқышта азық-түлікті сақтау туралы кеңестер
Мұздатқышта сақтамас бұрын ыстық тағамды бөлме температурасына дейін салқындату керек.
Тоңазытқышқа салғанға дейін азық-түлікті жуыңыз, тазалаңыз немесе барлықссу тамшыларын кептіріп алыңыз.
Тоңазытқышта сақталатын азық-түлік тұмшаланып жабылған тоңазытқышта сақтауы тиіс. Бұл азық-түліктен ылғалдың булануын,
соның салдарынан олардың бүлінуін болдырмайды.
Сақталатын азық-түлік санаттарға сұрыпталуы тиіс. Күн сайын пайдаланылатын азық-түлік сөренің алдыңғы жағына орналасты-
рылуы тиіс. Бұл есікті ашу кезіндегі қажетсіз әрекеттерді болдырмауға көмектеседі, сондай-ақ егер сіз оларды тамаққа пайдалануды
ұмытып кетсеңіз, жарамдылық мерзімінің бітуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Ішкі пластикті зақымдап алмау үшін, мүмкіндігінше азық-түлікті тоңазытқыш пен мұздатқыштың ішкі қабырғаларынан біршама
алыстау орналастырыңыз.
Тоңазытқышқа шектен тыс азық-түлік салуға болмайды. Азық-түлік арасында кішігірім қашықтық болуы тиіс, мұның өзі салқын
ауаның біртегіс айналуына және жақсы сақтау нәтижелерін алуға көмектеседі.
Ылғал құрамы жоғары азық-түлікті ішкі қабырғаға тигізіп сақтамаңыз. Кері жағдайда азық-түлік қабырғаға жабысып қатып қалуы
мүмкін. Азық-түлікті ішкі қабырғалардан біршама алыстау орналастырыңыз.
Азық-түліктердің (әсіресе, құрамында майы бар өнімдердің) тікелей ішкі пластикпен жуысып тұруына жол бермеңіз, өйткені
майдың кейбір түрлері пластикті зақымдауы мүмкін. Сондықтан майлы лас заттар табылған жағдайда, оларды тазалап алған жөн.
Кейбір заттар, мысалы, пияз, сарымсақ, зімбір, су жаңғағы және тамырлы көкөністердің басқа түрлері қалыпты температурада
ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Оларды тоңазытқышта сақтаудың қажеттілігі жоқ.
Ұсақ үлестерге кесілген азық-түліктер тез мұздайды, оларды еріту мен дайындау оңайға соғады. Әр үлестің
ұсынылған салмағы 2,5 кг-дан кем.
Мұздату камерасына орналастыру алдында, азық-түлікті жақсылап қаптаңыз. Қаптаманың сыртқы жағы
құрғақ болуы тиіс, сондай-ақ қаптамалардың бір-біріне жуысып тұруын болдырмаңыз. Қаптама материалдар иісіз,
ауасыз, усыз және уытсыз болуы тиіс.
Тоңазытқышқа шектен тыс балғын азық-түлікті салмаңыз.
Энергияны сақтау туралы кеңестер
Осы аспап тұрмыстық және соған ұқсас жағдайларда пайдалануға арналған:
- дүкен, кеңсе және басқа өндірістік жағдайларда ас үй аймақтарында;
- фермерлік ғимараттарда және қонақ үйлерде, шағын қонақ үйлерде және тұрғын үй түріндегі басқа ин-
фрақұрылымда клиент
ЕСКЕРТУ

Содержание

Похожие устройства

Скачать