Samsung DW50R4050FS [122/224] Ыдыс жуғыш машинаны орнату туралы нұсқаулық

Samsung DW50R4050FS [122/224] Ыдыс жуғыш машинаны орнату туралы нұсқаулық
Қазақ10 
Қауіпсіздік шаралары
Қауіпсіздік шаралары
Ыдыс жуғыш машинаны орнату туралы нұсқаулық
Құрылғыны орнатпай тұрып, оның сыртына зақым келмегенін қарап тексеріңіз. Зақымдалған
құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз. Зақымдалған құрылғы қауіпті болуы мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны тиісті розетка арқылы ғана электр қуатына қосу керек. Ыдыс жуғыш машинаны
орнатқаннан кейін оны кез- келген уақытта электр желісінен ажырату үшін розетка оңай қол жететін
жерде болуы керек. (“Ыдыс жуғыш машинаға шолу” тармағын 18 - беттен қараңыз.)
Ыдыс жуғыш машинаның артында электр розеткалары болмауы керек. Ыдыс жуғыш машина ашаға
тиіп тұрса, қызып кетуі және өрт шығуы мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны пештің астына орнатуға болмайды. Пештің жоғары температурасы ыдыс
жуғыш машинаға зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан оны ашық оттың немесе басқа да жылу бөлетін,
мысалы, қыздырғыштар және т.б. сияқты құрылғылармен қатар орналастыруға болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаны толығымен орнатып, есігінің серіппесін реттемей тұрып қуат көзіне қоспаңыз.
Құрылғыны қосу алдында деректер тақтасындағы қосылым деректерінің (кернеу мен қосылған
жүктеме) электр желісінің параметрлеріне сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер күмән туындаса, білікті
электршіге хабарласыңыз.
Құрылғының электр қауіпсіздігі, құрылғы мен оның жерге тұйықтау жүйесі өзара дұрыс қосылса ғана
қамтамасыз етіледі. Негізгі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және жүйелі түрде тексеріліп отыруы
және үйдегі электр жүйесінің жұмысына қатысты күмән туындаса, оны білікті электрикке тексертіп алу
аса маңызды болып табылады.
Өндіруші жерге тұйықтау жүйесінің дұрыс орнатпау (мысалы, ток соғуы) салдарларына жауапты емес.
Құрылғыны қуат көзіне көп розеткалы блок немесе ұзартқыш сым арқылы қоспаңыз. Олар құрылғының
қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтауға кепілдік бермейді (мысалы, қызып кету қаупіне қарсы).
Құрылғыны кеме сияқты жылжымалы қондырғыларға орнатқаннан кейін, оны білікті инженер тексерсе
ғана пайдалануға беруге болады.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 10 2020-11-05  12:17:28

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения