LG DoorCooling+ GA-B459SQQM [27/80] Lg thinq қолданбасы

LG DoorCooling+ GA-B459SQQM [27/80] Lg thinq қолданбасы
27
KK
KK
LG ThinQ қолданбасы
Бұл функция тек Wi-Fi желісі бар үлгілерде
қолжетімді.
LG ThinQ құрылғысы смартфон арқылы
құрылғымен байланысуға мүмкіндік береді.
LG ThinQ қолданбасының
функциялары
Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып,
смартфоныңыз арқылы құрылғыңызды
басқарыңыз.
Smart Diagnosis
Құрылғыны пайдалану кезінде мəселе болса,
бұл Smart Diagnosis мүмкіндігі сізге мəселені
диагностикалауға көмектеседі.
Параметрлер
Құрылғы мен қолданбада əртүрлі
опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ
Егер сымсыз роутеріңізді, интернет
провайдеріңізді немесе құпия сөзді
ауыстыратын болсаңыз, LG ThinQ
қолданбасынан тіркелген құрылғыны жойып,
оны жаңадан тіркеңіз.
Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба
пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі
мүмкін.
Ерекшеліктері үлгісіне қарай əр түрлі болуы
мүмкін.
LG ThinQ қолданбасын
пайдалану алдында
1
Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш
арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін)
тексеріңіз.
Жабдық пен сымсыз роутер арасы
тым алыс болса, сигнал беру деңгейі
əлсірейді. Тіркеуге көп уақыт кетуі мүмкін
немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.
2
Смартфоныңыздағы Мобильді интернет
немесе Сотовые данные функциясын
өшіріңіз.
3
Смартфоныңызды сымсыз роутерге
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Wi-Fi байланысын тексеру үшін басқару
панеліндегі белгішесі жанып тұрғанын
тексеріңіз.
Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана
жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау
үшін интернет қызметінің провайдеріне
хабарласыңыз немесе сымсыз
бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа
немесе желілік байланысқа қатысты қандай
да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе
қателіктерге жауапты емес.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда
қандай да бір қиындықтар туындаса, ол
көп жағдайда роутерге байланысты емес.
Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін,
Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып
алыңыз.
Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi
байланысы қосылмауы мүмкін немесе
ажырап кетуі мүмкін.
Желілік байланыс интернет қызметінің
провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі
қызметін баяулатуы мүмкін.
Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі
ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу
мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен
ажыратып, əрекетті қайталамас бұрын бір
минуттай күтіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать