Philips GC 9315/30 [108/117] Қазақша

Philips GC 9315/30 [108/117] Қазақша
Буды күшейту функциясы
Қиын қатпарларды кетіру үшін, буды күшейту функциясын қолданыңыз.
1 Бу шығару түймесін екі рет жылдам (сурет 12) басыңыз.
Тігінен үтіктеу
Абайлаңыз! Үтіктен ыстық бу шығады. Киімді біреу киіп тұрғанда (сурет 13) оның
қыртысын кетіруге әрекет етпеңіз. Үтіктің жанында өзіңіздің немесе басқа біреудің қолы
тұрса, буды шығармаңыз.
Ілулі тұрған матаның қыртысын кетіру үшін булы үтікті тігінен пайдалануға болады.
1 Үтікті тік позицияда ұстап, бу шығару түймесін басып, киімге үтіктің табанын жайлап тигізіп, үтікті
жоғары және төмен (сурет 14) жылжытыңыз.
Қауіпсіз орын
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына (сурет 6)
қоюға болады. OptimalTemp технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын бүлдірмейтінін
қамтамасыз етеді.
Қуатты үнемдеу
Эко режимі
ECO режимін пайдалану арқасында (будың шығуын азайтады) үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен
энергияны үнемдеуге болады.
1 ECO режимін белсендіру үшін ECO түймесін (сурет 15) басыңыз. Жасыл ECO шамы қосылады.
2 ECO режимін тоқтату үшін ECO түймесін қайта басыңыз. Жасыл ECO шамы өшеді.
Автоматты түрде өшіру қауіпсіздік режимі
-
Энергияны үнемдеу үшін құрал 10 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп қалады.
Қосу/өшіру түймесіндегі автоматты өшетін шам жыпылықтай бастайды.
-
Құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Содан соң, құрал қайта қыза бастайды.
Абайлаңыз! Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз. Қолданып
болған соң құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Құралды қақтан тазалау
EASY DE-CALC шамы жыпылықтай (сурет 16) бастағанда қақ тазалау процедурасын орындаңыз. Бұл
құралдың қызмет мерзімін ұзартуға және үтіктеу жұмысын оңтайландыруға көмектеседі.
Ескертпе: Су кермек болса, қақтан тазалау жиілігін арттырыңыз.
108
Қазақша

Содержание

Похожие устройства

Скачать