KRAFT KF-HD8142WE [59/72] Тазалау және қызмет көрсету

KRAFT KF-HD8142WE [59/72] Тазалау және қызмет көрсету
59
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
на жуудың қай кезеңінде өшірілгенін және қалпына келтірілгенін есте сақтайды,
электрмен жабдықтау қайта берілген кезде жууды жалғастырады.
Қорғау
Сығу кезінде киім барабан ішінде дұрыс таралмауы мүмкін. Машина сығу кезінде
киімді автоматты түрде қайта бөлу функциясымен жабдықталған, содан кейін сығу
бағдарламасы жалғастырылады.
Егер киімді қайта бөлудің (сілкілеудің) автоматты функциясын орындалғаннан кейін
киім қажетті түрде таралмаса, онда кір жуғыш машинаның дірілінің артуына жол бер-
меу үшін сығу жылдамдығы төмендетіледі.
Машинаға салынған кір киім көлемі тым аз болған жағдайда (1 кг-нан аз), сығу режимі
автоматты түрде күшін жоюы мүмкін. Киім саны аз мөлшеріне болуына байланысты
жоғары жылдамдықпен сығу шамадан тыс діріл тудыруы және машинаның сынуына
әкелуі мүмкін.
Кірді қайта бөлу (сілкілеу) қажеттілігі жуу бағдарламасын орындау ды ұзарта түседі.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кір жуатын машинаның және есік тығыздағышының тазалығын қадағалаңыз.
Жуар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз!
1. Кір жуатын машинаның корпусының сыртын сұйық жуғыш құрал араластырылған
жылы суға батырылған таза шүберекпен сүртуге болады. Сосын құрғақ сүлгімен
әбден құрғату қажет.
2. Машинаның бетін сызып тастауы мүмкін өткір металл қырғыштарды, жебір және
абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз.
3. Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынын пайдаланбаңыз, өйткені ішіне өтіп
кеткен ылғал электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін.
4. Тазалап болғаннан кейін электрмен қуаттандыру бауы бүлінбегенін тексеріңіз. Со-
дан кейін ашаны розеткаға қыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Абразивті заттарды, бензинді, бензолды, еріт-
кішті, хлоргидратты, ыстық суды, металл немесе тұрпайы щетканы және
т.б. пайдалануға тыйым салынады, өйткені олар кір жуатын машинаның
бетін бүлдіруі мүмкін.
БАРАБАНДЫ ТАЗАРТУ
1. Барабанды кептіру үшін кір жуатын машинаның есігін ашыңыз.
2. Егер барабанда тот пайда болса, оны құрамында хлоры жоқ құралмен уақтылы алып
тастаңыз.
ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
1. Жуғыш зат контейнерін суырып алыңыз.
2. Шаю бөлігінің қақпағын суырып алыңыз.
3. Жуғыш зат пен шаюға арналған контейнерді сумен шайыңыз немесе дымқыл мата-
мен сүртіңіз.
4. Осы әрекет аяқталғаннан кейін контейнерді орнына салыңыз. Жуғыш құралған
арналған контейнерді тазалағаннан кейін өздігінен кебуі үшін аузын ашық
қалдырыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

как начать стирать
1 год назад