Polaris PACM 2040S Черный [54/77] Жалпы ақпарат

Polaris PACM 2040S [54/77] Жалпы ақпарат
Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық кофе машинасының, моделі POLARIS PA CM
2040S (бұдан әрі мәтін бойынша кофе машинасы, аспап) техникалық деректерімен,
құрылымымен, пайдалану және сақтау ережелерімен танысуға арналған.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ
НҰСҚАУЛАР
Аспапты пайдалану «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық
пайдалану ережелеріне» сәйкес жүргізілуі тиіс.
Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Аспапты коммерциялық мақсатта
ұзақ уақыт пайдалану оның шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін, соның
нәтижесінде ол зақымдануы мүмкін немесе адамдардың денсаулығына зиян
келтіруі мүмкін.
Аспап осы пайдалану бойынша Нұсқаулыққа сәйкес мақсаты бойынша ғана
пайдаланылуы тиіс.
Аспапты пайдалануды бастаудың алдында пайдалану бойынша осы нұсқаулықты
мұқият оқыңыз.
Аспапты іске қосар алдында әр кезде оны қарап байқап шығыңыз. Аспаптың және
желілік баусымның зақымдануы болған жағдайда аспапты розеткаға қоспаңыз.
Егер зақымданудың көзге көрінетін белгілері болса, құлағаннан кейін аспапты
пайдаланбау дұрыс болады. Пайдаланар алдында аспап білікті маманмен
тексерілуі тиіс.
Егер сіз аспаптың жұмыс істеу қабілетіне сенімді болмасаңыз, оны пайдаланбаңыз.
Аспап пен желілік баусым олар жоғары температураның, тікелей күн сәулесінің
және ылғалдың әсеріне түспейтіндей сақталуы тиіс.
Жұмыс істеп тұрған аспаптыы қараусыз қалдырмаңыз! Егер сіз аспапты енді
қолданбайтын болсаңыз, оны үнемі желіден ажыратыңыз.
Бұл құрал денелік, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімнің жеткіліксіздігі бар адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына
арналмаған, мұндай адамдарға қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адамның осы құралды пайдалануына қатысты оларға
нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда. Балаларға құралмен ойнауға жол бермеу
мақсатында қадағалауды жүзеге асыру қажет.
54

Содержание

Похожие устройства

Скачать