Polaris PACM 2040S Черный [55/77] Слайд номер 55

Polaris PACM 2040S [55/77] Слайд номер 55
Назар аударыңыз!
Құралды ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстар маңында пайдаланбаңыз. Аспап суға түскен жағдайда оны тез
арада желіден ажыратыңыз. Бұл ретте ешбір жағдайда қолыңызды суға
салмаңыз. Қайталап пайдаланар алдында аспап білікті маманмен
тексерілуі тиіс.
Ешбір жағдайда құралды суға немесе басқа да сұйықтықтарға батырмаңыз.
Аспапты ылғал қолмен ұстамаңыз. Құралға су тиген кезде оны бірден желіден
ажыратыңыз.
Аспапты тек айнымалы ток көзіне (~) қосыңыз. Қосар алдында құралды желіде
қолданылатын кернеуге арналған екеніне көз жеткізіңіз.
Аспап желіге тек жерге тұйықталу ақылы қосылуы мүмкін. Сіздің қауіпсіздіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электртехникалық нормаларға
сәйкес келуі керек. Бейстандартты қуат көздерін немесе іске қосу құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
Кез келген қате қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Аспапты үй-жайдан тыс пайдаланбаңыз. Аспапты өткір бұрыштарға соғылудан
сақтаңыз. Пайдалану аяқталған кезде, құрал сынғанда немесе тазалау кезінде оны
үнемі желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап, тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар аспапты
желіден, оның желілік сымынан ұстап, сөндіруге тыйым салынады. Аспапты
желіден ажыратқанда оның штепсельдік айырынан ұстаңыз.
Жинақтың құрамына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану сіздің кепілдік
құқығыңыздан айырады.
Пайдаланудан кейін ешқашанда да электрлік қуат көзі желісін құралды айналдырып
орамаңыз, себебі уақыт өте келе сымның сынуына әкелуі мүмкін. Сақтау уақытында
сымды үнемі түзулеп ораңыз.
Баусымды ауыстыруды тек қана білікті мамандар - сервистік орталықтың
қызметкерлері іске асыра алады. Біліксіз жөндеу пайдаланушы үшін тікелей қауіп
төндіреді.
Аспапқа өздігіңізден жөндеу жүргізбеңіз. Жөндеу тек қана сервистік орталығының
білікті мамандарымен жүргізілуі тиіс.
Аспапты жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылуы мүмкін.
Назар аударыңыз! Қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық
қалдықтармен бірге шығарып тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жаратуға
арналған мамандырылған пунктке тапсырыңыз. Сіз осымен қоршаған
ортаны қорғауға көмектесе аласыз.
Назар аударыңыз!
Кез келген сипаттағы ақаулықтар пайда болғанда POLARIS
Авторизацияланған сервистік орталығына хабарласыңыз.
55

Содержание

Похожие устройства

Скачать