Samsung DW50R4050FS/WT [116/224] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DW50R4050FS/WT [116/224] Қауіпсіздік шаралары
Қазақ4
Қауіпсіздік шаралары
Қауіпсіздік шаралары
Жаңа Samsung ыдыс жуғыш машинасын сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Бұл нұсқаулық құрылғыны
орнату, пайдалану және күтім көрсету туралы маңызды ақпаратты қамтиды. Ыдыс жуғыш машинаның
көптеген артықшылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары туралы не білуіңіз керек
Жаңа құрылғының кең ауқымды мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға
сенімді болуға, құрылғыны алдағы уақыттарда қауіпсіз жерде сақтау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз. Бұл құрылғыны осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана пайдаланыңыз.
Ескертулер мен қауіпсіздік нұсқауларында барлық мүмкін болатын жағдайлар қамтылмаған. Ыдыс
жуғыш машинаны рнату, күтім көрсету және пайдалану кезінде абай болу және саналы әрекет ету -
сіздің міндетіңіз.
Төмендегі пайдалану нұсқаулары әртүрлі үлгілерді қамтитын болғандықтан, ыдыс жуғыш
машинаңыздың сипаттамалары осы нұсқаулықтағы сипаттамалардан ерекшеленуі және барлық
ескерту белгілері қолданылмауы мүмкін. Егер қандай да бір сұрақтар немесе мәселелер туындаса,
жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com сайтынан көмек пен
ақпарат ала аласыз.
Маңызды қауіпсіздік белгілері
Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:
ЕСКЕРТУ
Адам қатты жарақат алатын, өлім жағдайына және/не мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар
не қауіпті әрекеттер.
АБАЙЛАҢЫЗ
Адам жарақат алатын және/немесе мүлікке зақым келтіретін қатерлі немесе қауіпті жағдайлар.
ЕСКЕРТПЕ
Адамға немесе мүлікке зақым келтіретін қауіптің бар екенін көрсетеді.
Бұл ескерту белгілері сіз және басқа адамдар жарақат алуға жол бермеу үшін берілген. Оларды нақты
орындаңыз.
Осы нұсқаулықты сенімді жерде сақтаңыз және жаңа пайдаланушыларға нұсқаулық мазмұнымен
танысуға мүмкіндік беріңіз. Оны болашақ пайдаланушыға табыс етіңіз.
DW4000RM(A5)_IB_DD81-03019C-00_KK.indd 4 2020-11-05  12:17:27

Содержание

Похожие устройства

Скачать