Ariston VELIS TECH PW ABSE 100 [24/60] Пайдаланушы нұсқаулары

Ariston VELIS TECH PW ABSE 100 [24/60] Пайдаланушы нұсқаулары
24 / KZ
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛАРЫ
Пайдаланушыға арналған кеңес
- Су тамған жағдайда зақымдалуы мүмкін кез келген заттарды және/немесе құрылғыларды су қызды-
рғыштың астына қоймаңыз.
- Суды ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, төмендегілерді істеңіз:
• сыртқы ажыратқышты «OFF» (Өшіру) қалпына қою арқылы құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз;
• су желісінің шүмектерін жабыңыз.
- Шүмектен аққан температурасы 50°C-тан жоғары ыстық су қатты күйіп қалуға немесе тіпті мерт бо
-
луға себеп болуы мүмкін. Балалардың, кемтар адамдардың және жасы үлкен адамдардың күйіп қалу
қаупі жоғарырақ болады. Пайдаланушыға кез келген күнделікті немесе кезектен тыс техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын атқаруға қатаң тыйым салынады.
Сыртқы бөлшектерді сабынды суға малынған, дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Басқару панелін шешіп алғаннан кейін, датчиктер орнатылған өзектің коннекторларын және қуат тақтасын
ажыратуға болады. Датчиктер орнатылған өзекті (7-сурет, K) сымдарды (7-сурет, F) басқару панелінен
ажыратып, орнынан шешіп алыңыз, осы кезде сымдарды қатты майыстырып жібермеңіз.
Қайта құрастырған кезде, барлық құрамдас бөліктерді бастапқы орындарына орнатқаныңызға
көз жеткізіңіз.
Өнім төрт құрғақ қыздыру элементімен жабдықталған (4B суреті, R), олар тікелей суға тимейді,
сондықтан құрылғыдағы суды ағызбай-ақ, оларды ауыстыруға болады. Ақаулы қыздыру
элементін ауыстыру үшін (индикатормен анықталған) тиісті Faston коннекторларын ағытып (4B
суреті, X), винтті босатыңыз (4B суреті, V). Зақымдалған қыздыру элементін шешіп алып, оны
ауыстырыңыз.
Анодтарға қол жеткізу үшін алдымен құрылғыдағы суды ағызыңыз.
Болттарды (5-сурет, C) бұрап шығарып, фланецтерді (5-сурет, F) шешіп алыңыз. Қайта
құрастырған кезде, анодтар бекітілетін сенсорларды орнату тіректері және қыздыру элементтері
бастапқы орындарына қойылғанына көз жеткізіңіз (суреттер: 7 және 5). H.E.1 немесе H.E.2
жазуы бар фланец пластинасы сондай жазуы бар жерге орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Фланец қайта құрастырылған сайын, оның тығыздағышын (6-сурет, Z) ауыстырып орнатыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қыздыру элементтерінің орнын ауыстыру салдарынан құрылғы істен шығуы
мүмкін. Бір уақытта бір элементпен жұмыс істеңіз де, екіншісін бірінші элементті қайта орнатқан
кейін ғана шешіп алыңыз.
Өндіруші өкілеттік берген өкілетті қызмет орталықтарынан алған түпнұсқалы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
Жүйелі техникалық қызмет көрсету
Магнийден жасалған анодтарды (N 6-сурет) екі жыл сайын ауыстыру керек,
әйтпесе кепілдік күшін
жояды
(қайнатқышы тот баспайтын болаттан жасалған құрылғыларда олай істелмейді); дегенмен су
коррозивті немесе оның құрамында хлор көп болса, анодты жыл сайын тексеріп тұру керек. Оларды
ауыстыру үшін қыздыру элементтерін шешіп алып, қапсырмалардан бұрап босатыңыз.
Айналып өту құбырын (X 5-сурет) бітеліп қалған жағдайда тексеру керек. Оны тексеру үшін екі сақинаны
шешіп алыңыз (W 5-сурет).
Күнделікті немесе кезектен тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін, кез келген
қалдық заттарды кетіру үшін құрылғы багін суға толтырып, толығымен ағызыңыз. Өндірушінің
өкілетті қызмет орталықтарынан алынған түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Сақтандырғыш клапан
Артық қысым құралы бітеліп қалмағанын немесе зақымдалмағанын жүйелі тексеріп тұрыңыз; солай
болса, қақты кетіріңіз немесе оны ауыстырыңыз.
Құрылғының иінтірегі немесе тұтқасы болса, оны мына мақсатта қолданыңыз:
- қажет болса, құрылғыдағы суды ағызыңыз;
- оның жұмысын арасында тексеріп тұрыңыз.

Содержание

Скачать