Ariston VELIS TECH PW ABSE 80 [27/60] Wi fi функциясы 8a суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер

Ariston VELIS TECH PW ABSE 80 [27/60] Wi fi функциясы 8a суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер
27 / KZ
Қатені бастапқы қалпына келтіру: құрылғыны бастапқы қалпына келтіру үшін өнімді ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесімен «
» қосып-өшіріңіз. Бастапқы қалпына келтірген кезде, ақау себебі бірден
жоғалса, құрылғы одан әрі
қалыпты жұмыс істей береді. Әйтпесе, дисплейде қате коды дисплейде
көрсетіліп тұра берсе, Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласыңыз.
Wi-Fi ФУНКЦИЯСЫ (8a суретінде көрсетілген интерфейсі бар модельдер)
Wi-Fi параметрлерін реттеу және өнімді тіркеу процедурасы туралы толығырақ мәлімет алу үшін бірге
берілген Қысқаша нұсқаулықты қараңыз.
Тіркелгі жасау, 9-сурет
Арнайы қолданбаны мобильді телефоныңызға жүктеп алып, орнатыңыз (қолданбаның аты Қысқаша
нұсқаулықта көрсетілген).
Қолданбаны іске қосып, REGISTRATION (Тіркеу) түймесін басыңыз да, барлық жолақтарды
толтырыңыз.
Сізге электрондық растау хаты келеді: тіркелгіні белсенді күйге келтіру үшін электрондық хаттағы
сілтемені басыңыз.
Wi-Fi параметрлерін реттеу және өнімді тіркеу, 10-сурет
Wi-Fi түймесін басыңыз. Тиісті индикатор баяу жыпылықтай бастайды.
Кіру нүктесін жасау үшін Wi-Fi түймесін қайтадан басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз: тиісті индикатор
жылдам жыпылықтап, дисплейде «AP» жазуы көрсетіледі.
Қолданбаны іске қосып, нұсқаулы процедураны орындаңыз.
Толық процедура, 11-сурет
Процедура мына жағдайда нәтижелі болып аяқталған болады:
- Wi-Fi түймесі тұрақты жанып тұр
- қолданба тіркеуді растау хабарын көрсетіп тұр
Байланыс орнатылмаса, барлығын жақсылап тексеріп шығып, процедураны басынан бастап
қайталаңыз.
Ескертпе: Wi-Fi желісінің құпиясөзінде қытай таңбалары болмауы тиіс. Сондай таңбалар болса, оларды
жойыңыз.
Қолданба схемасы, 12-сурет
Мына нұсқаулар бар:
ҚОСУ/ӨШІРУ
(A)
Қолмен басқару режимі (B)
Бағдарлама режимі (C)
ECO режимі (D)
Температураны реттеу (F)
Душқа түсу саны (H)
Қалған уақыт (G)
Басқа беттерді көру үшін оңға жылжытыңыз.
Байланыс күйінің сипаттамасы
Wi-Fi
түймесі
Баяу жыпылықтау Wi-Fi модулі қосылып тұр
Жылдам жыпылықтау Wi-Fi модулі Кіру нүктесі режимінде
Қосарлана жыпылықтау Wi-Fi модулі үй желісіне жалғанып жатыр
Қосулы Wi-Fi модулі қосылып тұр және үй желісіне жалғанып тұр
Өшірулі Wi-Fi модулі өшіп тұр

Содержание

Скачать