Vitek VT-8140 [15/28] Қазақша

Vitek VT-8140 [15/28] Қазақша
15
ҚАЗАҚША
тазалаңыз, HEPA–сүзгісін (17) шаң мен
қоқыстан тазалаңыз.
Шаңжинағыш-контейнердің құтысынан (14)
сепараторды (15) шығарып алыңыз.
Шаңжинағыш-контейнердің құтысын (14),
алдын ала сүзгіні (16), HEPA–сүзгісін (17)
және шығу сүзгісін (18) жылы ағынды су
ағысының астында жуып жіберіңіз. Барлық
шешілмелі бөлшектерді жуу үшін ыдыс
жуатын машинаны пайдаланбаңыз.
Ескерту:
Жинау және орнату алдында шаңжинағыш-
контейнердің құтысын (14), алдын-
ала сүзгіні (16) және НЕРА-сүзгіні (17)
және шығу сүзгіні (18) мұқият кептіріп
алыңыз.
Барлық шешілмелі бөлшектерді кептіру
үшін қыздыратын аспаптарды, сонымен
қатар фенді пайдалануға тыйым салынады.
Шаңжинағыш-контейнерді (9) жинау және
орнына орнату алдында барлық шешілмелі
бөлшектердің таза және құрғақ екендігіне
көз жеткізіңіз.
Шаңжинағыш-контейнерді (9) жинау
Шаңжинағыш-контейнердің кұтысына (14)
сепараторды (15) орнатыңыз, алдын ала
сепаратордағы шығыңқыны құтыдағы (14)
ойыққа сәйкестендіріңіз.
Алдын ала поролон сүзгісін (16) НЕРА сүзгісіне
(17) кигізіңіз.
НЕРА-сүзгіні (17) сепараторға (15)
салыңыз, ол үшін НЕРА-сүзгідегі (17) және
сепаратордағы (15) белгілерді біріктіріңіз,
және оны сағат тіліне қарсы тірелгенге дейін
бұрыңыз « ».
Шығу поролон сүзгісін (18) орнатыңыз.
Жиналған шаңжинағыш-контейнерді (9)
орнына орнатыңыз (5-сурет), контейнердің
(9) берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Электр қылшақты (7) тазалау
Электр қылшақтың (7) тазалығын қадағалаңыз,
ластануына байланысты қылшақты (7)
бөлшектеп, дөңгелек қылшақты тазалаңыз.
Электр қылшақты (7) ұзартқыш түтіктен (5)
бекіткіштің (6) батырмасына басып, шешіп
алыңыз.
Бекіткішке (23) басыңыз және оны ашыңыз.
Дөңгелек қылшақты шығарып, қылшаққа
оралған жіптер мен шаштарды алып тастаңыз.
Электр қылшақ (7) корпусының ішкі
және сыртқы беттерін шаң мен қоқыстан
тазалаңыз.
Электр қылшақты (7) жинау
Дөңгелек қылшақтың оң жақ бөлігін корпусқа
салыңыз.
Дөңгелек қылшақтың сол жақ бөлігін орнына
орнатыңыз. Бекіткішті жабыңыз (23).
Дөңгелек қылшақтың сенімді бекітілгендігіне
көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш корпусын тазалау
Шаңсорғыш корпусын аздап дымқыл, жұмсақ
матамен сүртіп, кейін құрғатып сүртіңіз.
Шаңсорғыш корпусын, электр қылшақты (7)
және желілік адаптерді (20) суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады. Шаңсорғыш корпусының ішіне
және электрлік қылшаққа (7) сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
Шаңсорғыш корпусы мен барлық бөлшектерді
тазалау үшін еріткіштер мен абразивтік
тазалау құралдарын пайдалануға тыйым
салынады.
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға
қойғанға дейін, шаңсорғыш корпусын,
шаңжинағыш-контейнерді (9) және электр
қылшақты (7) тазалаңыз.
Шаңсорғышты ұзақ сақтау немесе пайдаға
асыру алдында аккумуляторлық батареяны
(11) алып тастаңыз, бекіту бұрандасын бұрап
алыңыз және аккумуляторлық батареяның
бекіткішіне (11) басыңыз.
Шаңсорғышты құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИНАҚТАЛЫМЫ
Шаңсорғыш (орнатылған шаңжинағыш-
контейнері бар) – 1 дн.
Аккумуляторлық батарея – 1 дн.
Ұзартқыш түтік – 1 дн.
Электр қылшақ – 1 дн.
Саңылаулық қондырма – 1 дн.
Кіші қылшақ – 1 дн.
Шаңсорғыштың қабырғалық ұстағышы – 1 дн.
Желі адаптері – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Шаңсорғыш:
Электрқуаттандыруы: 22.2 В ,
Аккумуляторлық батарея Li-ion 22.2В
2200 мАч 48,84 Втч
Қуаты: 120 Вт
Аккумуляторды зарядтау уақыты 4,5 сағат
IM VT-8140.indd 15 8/15/19 11:41 AM

Похожие устройства

Скачать