First FA-5096-8 [25/26] Қазақ

First FA-5096-8 [25/26] Қазақ
48 49
ҚОРҒАУ
1. Қызып кетуге қарсы қорғаныс:
Панельдің температурасы 650°C-тан асып
кететін болса, құрылғылардың жұмысы
автоматты түрде тоқтайды.
2. Ішінің қатты қызып кетуіне қарсы
қорғаныс:
Егер ішкі температура 100°C-қа жетсе, оның
жұмысы автоматты түрде тоқтайды.
3. Ең төменгі кернеуден және кернеудің
шамадан тыс жоғары болуынан қорғау:
Егер кернеудің көрсеткіші 140 В-тан аз немесе
260 В-тан артып кетсе, құрылғылардың
жұмысы автоматты түрде тоқтайды.
4. Тұрақты қуат қорғанысы:
Егер қуат кернеуі көтеріліп кетсе, шығыс ток
автоматты түрде төмендеп кетеді, максималды
қуат 50 Вт-тан аспайды. Қуат көзінің кернеуі
төмен түсіп кеткенде, максималды қуат
көрсеткіші кернеу түскеніне қарай өзгеріп
отырады.
НҰСҚАУЛАР
1. Қосу/Өшіру
Штепсель ашасын розеткаға қосқан
соң, дыбыстық сигнал шығады және
индикаторлардың барлығы бір рет жанып,
құрылғының қуат көзіне қосылғанын білдіреді.
[Қосу/Өшіру] жарық диоды жыпылықтай
береді. Егер әйнек тақтасы ыстық болса,
дисплейде [Ыстық] деген сөз тұрады. Тамақ
әзірлеу аймағының ортасына үйлесімді
ыдыс қойыңыз. [Қосу/Өшіру] түймесін бір
рет бассаңыз, дисплейде [----] таңбасы
пайда болады, [Қосу/Өшіру] жарық диоды
тұрақты жанып тұрады және құрылғы таңдау
режиміне өтеді. Жұмысты бастау үшін қуатты
таңдау функциясының түймесін басыңыз (“2.
Қуатты таңдау функциясы” бөлімін қараңыз).
Тамақ әзірлеп болған соң, [Қосу/Өшіру]
түймесін басып, жұмысты тоқтатыңыз және
құрылғыны өшіріңіз. Құрылғының ішін суыту
үшін желдеткіші шамамен 15 минуттай істеп
тұрады.
2. Қуат деңгейін таңдау функциясы:
аңдау] түймесін басыңыз және жарық диоды
жанады. Дисплейде [1200] деген сан пайда
болады, ол әдепкі қуат деңгейі 1200 Вт екенін
білдіреді. Өзіңізге ыңғайды қуат деңгейін
орнату үшін [+] және [-] түймесін басыңыз.
Жалпы 8 деңгей бар, олар: 300 Вт, 700 Вт,
1000 Вт, 1200 Вт, 1400 Вт, 1600 Вт, 1800 Вт,
2000 Вт.
3. Таймер функциясы:
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, тамақ
әзірлеу уақытын орнатуға болады. Таймер
функциясына кіру үшін [Таймер] түймесін бір
рет басыңыз, [Таймер] түймесінің жоғарғы
жағындағы жарық диоды жанады. Дисплей
жанады және [0:30] деген сан пайда болады.
Уақытты 1 минуттан 3 сағатқа дейін реттеуге
болады. [+] және [-] түймесін басып, өзіңізге
қажетті уақытты 1 минуттық қадаммен
орнатыңыз. Уақытты 10 минуттық қадаммен
өзгерту үшін [+] немесе [-] түймесін басып
тұрыңыз. Уақытты орнатқан соң, [Таймер]
түймесін қайта басып, растаңыз немесе
дисплейдің жыпылықтауы тоқтағанын күтіңіз.
Таймердің кері санағы 0:00-ге жеткенде,
құрылғы дыбыстық сигнал шығарады және
автоматты түрде күту режиміне ауысады.
аймер] түймесін шамамен 3 секунд басып
тұрып, таймерді кез келген уақытта өшіруге
болады.
4. Балалардан қорғау құлпы функциясы:
Барлық түймені құлыптау үшін [Құлыптау]
түймесін бір рет басыңыз, [Құлыптау]
түймесінің жоғарғы жағындағы жарық диоды
жанады. Құлпын ашу үшін [Құлыптау] түймесін
шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Маңызды ақпарат:
әр пайдаланған соң ыстық тақтаны тазалаңыз.
Сонда керамика беттерде шашыраған тамақ
күймейді.
Ыдыс жуғыш машиналарға арналған
ерітінділерді, тазалау құралдарын, пешке
арналған спрей немесе дақ кетіргіш сияқты
агрессивті тазалау құралдарын, абразивті
губкаларды немесе жоғары қысымды
тазалағыштарды / бумен тазалау құралдарын
пайдаланбаңыз.
Құрылғының үстіне төгіп алмаңыз.
Құрылғының ішіне су кіріп кетсе, дұрыс жұмыс
істемей қалуы мүмкін.
1. Плита жеткілікті түрде суыған соң, оны қуат
көзінен ажыратыңыз.
2. Керамикалық әйнек бетін дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
3. Таза шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Тазалау
құралының қалдықтары бетте қалмауы
керек.
4. Ауа кіретін және шығатын саңылаудағы
кірді кетіру үшін шаңсорғышты
пайдаланыңыз.
5. Керамикалық әйнектен жасалған тамақ
әзірлеу бетін керамикалық әйнекті немесе
ИНФРАҚЫЗЫЛ ПІСІРУ ПАНЕЛІ
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ашық, тегіс және ыстыққа
төзімді бетке қойыңыз. Қабырғадан
қашықтық кемінде 5 см болуы тиіс. Ауаның
кедергісіз айналымын қамтамасыз ету
үшін құрылғының үстіндегі аумақ бос болу
керек. Құрылғыны немесе қуат сымын
ыстық беттерге қоюға болмайды. Сондай-
ақ құрылғыны ашық газ жалынының
жанында орнатуға және пайдалануға
болмайды.
Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Құрылғының жанына тұтанғыш материалды
(қағаз, мата және т.б.) қоймаңыз.
Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
Жұмыс барысында құрылғы ыстық болады.
Сондықтан абай болыңыз, ыстық бөліктерге
қол тиіп кетпеңіз.
Қатты қызған майлар тұтануы мүмкін.
Сұйық маймен немесе тоң маймен тамақ
(мысалы, фри картобы) дайындағанда,
тамақты қараусыз қалдыруға болмайды.
Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
Құрылғы қызып тұрғанда, тіпті қуат көзіне
қосылып тұрмаса да, оны қараусыз
қалдырмаңыз. Сондай-ақ ыстық табаққа
қойып, табамен тасымалдауға болмайды.
Күйіп қалу қаупі бар. Тазаламас және
сақтамас бұрын, құрылғының толық
суығанын күтіңіз.
Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
Шыңдалған әйнек тақтаны соқпаңыз.
Сынып қалған жағдайда, құрылғыны
өшіріп, оны қуат көзінен ажыратыңыз.
Бұл құрылғы ойыншық емес. Балалардың
құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
Балалар электрлік құрылғылармен жұмыс
істегенде туындауы мүмкін қауіптерді
түсіне алмайды. Сондықтан олар электрлік
құрылғыларды қолданғанда, балаларды
қараусыз қалдырмаңыз. Балалар жақын
жүрсе, айрықша абай болу керек.
Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе
ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе
тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға
(оның ішінде балалар) пайдалануға
болмайды. Егер пайдаланатын болса,
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адам қадағалап немесе құрылғыны қалай
қолдану керектігі туралы нұсқау беріп тұруы
керек.
Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
БӨЛШЕКТЕР
(A суреті)
1. Әйнек тақта
2. Қуат сымы
3. Ауа шығатын желдеткіш
4. Басқару панелі
5. СКД дисплейі
6. + / - : Қуат деңгейін реттеу
7. Құлыптау: Балалардан қорғау құлпы
8. Таймер: Таймер функциясы
9. Таңдау: Қуатты таңдау
10. Қосу/Өшіру: Қосу/Өшіру
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ

Содержание

Похожие устройства

Скачать