Galaxy LINE GL4157 [17/23] Саптама тарақты пышақты блокқа бүйірлік бағыттаушы пазалар бойынша

Galaxy LINE GL4157 [17/23] Саптама тарақты пышақты блокқа бүйірлік бағыттаушы пазалар бойынша
17
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар
болған жағдайда) алып тастаңыз. Электр құралын бірінші рет қолданудың
алдында, сонымен бірге ұзаққа созылған сақтаудан кейін электр құралының
аккумуляторлық батареясын 10 сағат зарядтау қажет болады.
Зарядтау үшін желілік адаптерді адаптерге арналған жалғағышқа қосыңыз.
Қуат беру желісіне қосқаннан кейін электр құралында орналасқан заряд ин-
дикаторы жануы керек. 45 минутқа жұмыс жасаумен қамтамасыз ету үшін
зарядтаудың толық циклі 8 сағатты құрайды. Егер аккумулятордың заряд
деңгейі тым төмен болса, жүздер баяу қозғалатын болады немесе желіден
жұмыс жасауы кезінде де тоқтап қалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оның қызмет мерзімін арттыру және шаш қию са-
пасын жақсарту үшін электр құралын жиынтықта бірге жеткізілетін маймен
мезгіл-мезгіл майлап отыру ұсынылады.
САПТАМА-ТАРАҚ
Аталған электр құралымен жиынтықта шаш қиюдың қалаулы ұзындығын
таңдауға мүмкіндік беретін екі алынбалы саптамалар-тарақтар жеткізіледі.
1 саптама үшін:
1: 3 мм;
2: 6 мм;
2 саптама үшін:
1: 9 мм;
2: 12 мм;
Саптама-тарақты пышақты блокқа бүйірлік бағыттаушы пазалар бойынша
шаш қиюға арналған машинкаға шертпекке дейін орнатыңыз.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Бірінші рет шаш қиюды 2 саптама-тарақты (9-12 мм) қолданумен бастауды
ұсынамыз. Ажыратқышты «I» (қосылулы) күйіне ауыстырыңыз. Жұмыс ин-
дикаторы жанады. Шаш қиюды желкеден бастаңыз. Қысқа қозғалыстармен
құралды баяу және бірқалыпты төбедегі шаштарға шаштың өсу бағытына қарсы
жылжытыңыз. Тазалауға арналған шөткемен саптамалардан және жүздерден
қиылған шаштарды алып тастаудың алдында электр құралын ажыратыңыз.
Мойын
Саптама-тарақты 2 күйге (5мм) орнатыңыз, машинканы жүздердің тістерін
жоғары бағыттап ұстаңыз. Орталық бойынша мойыннан және құлақтардың
маңына біртіндеп көше отырып бастаңыз. Әр ретте тек аздаған шаштарды
қалдыра отырып, машинканы шаштар бойынша жоғары жүргізіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать