Vitek VT-2312 [20/44] Қазақша

Vitek VT-2312 [20/44] Қазақша
20
ҚАЗАҚША
цифрлық таңбалары жыпылықтауын тоқтатады, және
тұрақты жанатын болады.
Бос қолыңызбен шаш тарамын алыңыз.
Қысу тұтқасын (4) басыңыз, шаш тарамының ұшын
жұмыс бетіне (2) салыңыз және қысу тұтқасын (4)
жіберіңіз. Ұштамадан (1) және қолсаптан (7) ұстап,
шаш тарамын жұмыс бетін (2) айналдыра ораңыз.
Біршама уақыт күтіңіз, содан кейін қысу сабына (4)
басыңыз және тарамды босатыңыз.
Берілген рәсімді қалған шаш тарамдарына
қайталаңыз.
Ескерту:
алғашқы пайдаланған кезде бөтен иіс және түтіннің
біршама мөлшері пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты
құбылыс.
құрылғы жұмыс істеген кезде жұмыс бетіне (2)
қолыңызды тигізбеңіз, құрылғыны бі қолыңызбен
ұштамасынан (1), ал екінші қолыңызбен қолсаптан
(7) ұстаңыз.
жұмыс уақытындағы үзілістерде құрылғыны тұғырға
(3) түзу термотөзімді бетке орнатыңыз.
шашты бұйраланғаннан кейін бірден тарамаңыз,
шашқа салқындауға уақыт беріңіз, шаш үлгісі
үйлесімді көрінуі үшін ірі шаш тарамдарын анағұрлым
ұсақтарына ұқыпты бөліңіз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, батырманы (6) « »
дәйектеп басу арқылы (5) LED-дисплейі сөнгенге
дейін басып, құрылғыны өшіріңіз, содан кейін
электр розеткасынан желі бауының ашасын суырып
алыңыз.
Ескертпе: - егер 60 минут ішінде температураны
белгілеу батырмасы (6) басылмаса, электрқысқаштар
автоматты түрде өшеді.
Құрылғыны тұғырға (3) түзу термотөзімді бетке
орнатыңыз және оған салқындауға уақыт беріңіз.
Бұғаттау функциясы
Бұл функцияны қысқаштар жұмыс бетінің қыздыру
температурасы кездейсоқ өзгеруінен қорғау үшін
қолданыңыз.
Бұғаттау функциясын қосу үшін батырманы (6)
дисплейде (5) бұғаттау таңбасы пайда болғанға
дейін басып ұстап тұрыңыз.
Бұғаттауды өшіру үшін батырманы (6), бұғаттау
таңбасы сөнгенге дейін басып ұстап тұрыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать