Galaxy LINE GL2604 [15/18] Оны қыздырып алу керек тұмпапештің іші бос екендігіне көз жеткізіңіз өнімдермен ыдыстың

Galaxy LINE GL2604 [15/18] Оны қыздырып алу керек тұмпапештің іші бос екендігіне көз жеткізіңіз өнімдермен ыдыстың
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Қаптау материалын (бар болған кезде) алып тастаңыз.
6.2. Жиынтықта жеткізілетін барлық керек-жарақтарды шығарыңыз, және оларды ыдысты жууға
арналған құралды және жұмсақ шүберекті немесе сорғыштарды қолданумен жуыңыз.
Ескерту
1. Пешті бірінші рет қолданудың алдында өндірістік шаңды және басқа да ластануларды жою үшін
оны қыздырып алу керек. Тұмпапештің іші бос екендігіне көз жеткізіңіз (өнімдермен ыдыстың,
қаңылтыр табаның (13) тордың (12), немесе олардың ұстағыштарының (14) орнатылмағанына).
2. Тазалау үшін металл бұйымдарды және қажақты құралдарды қолданбаңыз, бұл жабынды
бүлдіруі мүмкін;
6.3 Барлық керек-жарақтарды құрғатып сүртіңіз;
6.4 Электр құралының ішкі және сыртқы беттерін құрғақ шүберекпен әбден сүртіңіз;
6.5 Құралды тегіс, құрғақ және орнықты бетке орнатыңыз және қуат беру баусымының ашасын
желіге қосыңыз.
6.6 Құралды желіге қосыңыз, тұмпапештің температурасын реттеуішті 250
о
С мәніне орнатыңыз
және 10 минутқа жұмыс істеп тұрған күйде қалдырыңыз.
6.7 Конфорканың қызуын реттеуішті максималды қуатқа орнатыңыз және жұмыс істеп тұрған
күйде 10 минутқа қалдырыңыз.
6.8 Құралды суытыңыз;
6.9 Электр құралының ішкі және сыртқы беттерін құрғақ шүберекпен мұқият сүртіңіз;
6.10 Құрал қолдануға дайын.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шағын пешті бірінші рет іске қосу кезінде иіс пен түтін пайда болуы
ықтимал. Бұл қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды. Іске қосудан
кейін бірнеше минут өткен соң түтін мен иіс жоғалады.
7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Қуат беру желісінің параметрлерін 220-240В ~ 50Гц сәйкестілігін тексере отырып, қуат беру
баусымының істікшесін желіге қосыңыз және құралды тегіс, құрғақ және орнықты бетке
орнатыңыз.
төменгі қыздырғыш элементтердің жұмысы
жоғарғы қыздырғыш элементтердің жұмысы
жоғарғы және төменгі қыздырғыш элементтердің
бір уақытта жұмыс жасауы
ТҰМПАПЕШТІҢ ЖҰМЫС ҚАҒИДАТЫ
ТҰМПАПЕШТІ БАРБЕКЮ ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ:
1. Торды немесе қаңылтыр табаны тұмпапештің жоғарғы деңгейіне орнатыңыз. Егер Сіз тор-
ды қолдансаңыз, қаңылтыр табаны тордан ағушы сұйықтықты жинау үшін төменгі деңгейге
орнатыңыз.
2. Өнімдерді торға немесе қаңылтыр табаға орналастырыңыз.
3. Температураны реттегіштің көмегімен қалаулы дайындау температурасын орнатыңыз.
4. Жоғарғы қыздырғыш элементтерді тұмпапештің қыздырғыш элементтерінің жұмысын реттегіштің
көмегімен оны «жоғарғы қыздырғыш элементтердің жұмысы» күйіне орната отырып іске қосыңыз.
5. Дайындау аяқталғаннан кейін қыздырғыш элементтердің жұмысын реттегішті АЖЫР күйіне
орнатыңыз.
6. Торды немесе қаңылтыр табаны алып шығу үшін ұстағышты және тұтқыштарды қолданыңыз.

Содержание

Скачать