Galaxy LINE GL2604 [16/18] Төменгі қыздырғыш элементтерді тұмпапештің қыздырғыш элементтерінің жұмысын реттегіштің

Galaxy LINE GL2604 [16/18] Төменгі қыздырғыш элементтерді тұмпапештің қыздырғыш элементтерінің жұмысын реттегіштің
16
16
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
БАРБЕКЮ ТАҒАМ ЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ БОЛЖАЛДЫ УАҚЫТЫ
Тағам Температура Дайындау уақыты,мин
Стейк 220
о
С 30
Сүйектердегі стейк 220
о
С 30
Жанышталған шошқа еті 220
о
С 40
Жанышталған қой еті 220
о
С 40
Тауық сандары 220
о
С 35
Балық еті 180
о
С 20
Албырт балықтан стейк 180
о
С 25
ТҰМПАПЕШТІ НАН ӨНІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ:
1. Торды немесе қаңылтыр табаны тұмпапештің төменгі немесе орта деңгейіне орнатыңыз.
2. Пісіруге арналған қалыпты ішіндегісімен торға орналастырыңыз.
3. Тұмпапештің температура реттегішінің көмегімен қалаулы дайындау температурасын орнатыңыз.
4. Төменгі қыздырғыш элементтерді тұмпапештің қыздырғыш элементтерінің жұмысын реттегіштің
көмегімен оны «төменгі қыздырғыш элементтердің жұмысы» күйіне орната отырып іске қосыңыз.
5. Дайындау аяқталғаннан кейін қыздырғыш элементтердің жұмысын реттегішті АЖЫР күйіне орнатыңыз.
6. Торды немесе қаңылтыр табаны алып шығу үшін ұстағышты немесе тұтқыштарды қолданыңыз.
7. Піспенанды дайындау үшін төменгі немесе орта деңгейді, ал қабаттамалы пісірулер үшін тек төменгі
деңгейді, ашытқылы пісірулер үшін төменгі және орта деңгейлерді қолданыңыз.
Қызарып піскен қабықшаны алу үшін жоғарғы қыздырғыш элементті төменгімен бірге қолданыңыз.
ТҰМПАПЕШТІ КӨМЕШТЕУ ҮШІН ҚОЛДАНУ:
1.Тұмпапешті қыздырғыш элементтердің жұмысын реттегіштің көмегімен төменгі және жоғарғы
қыздырғыш элементтерді іске қоса отырып, және температура реттігішті қажетті мәнге (250°С) орната
отырып 15 минут бойы 250°С температурасында қыздырыңыз.
2. Өнімдерді торға немесе қаңылтыр табаға орналастырыңыз.
3. Қалаулы дайындау температурасын температура реттегіштің көмегімен орнатыңыз және қаңылтыр
табаны немесе торды өнімдерімен тұмпапештің орта деңгейіне орнатыңыз. Егер Сіз торды қолдансаңыз,
қаңылтыр табаны сұйықтықтың тордан оған ағуы үшін төменгі деңгейге орнатыңыз.
4. Дайындау аяқталғаннан кейін қыздырғыш элементтердің жұмысын реттегішті АЖЫР күйіне орнатыңыз.
5. Торды немесе қаңылтыр табаны алып шығу үшін ұстағышты немесе тұтқышты қолданыңыз.
КОНФОРКАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ:
Сол жақ
конфоркалардың
жұмысы
1. 400 Вт
2. 600 Вт
3. 1000 Вт
Оң жақ
конфоркалардың
жұмысы
1. 300Вт
2. 500Вт
3. 800Вт
1. Электр плитасында қолдануға арналған ыдысты конфоркалардың біріне орнатыңыз. Түбінің диаметрі
конфорканың диаметрінен аспайтын ыдысты қолдану ұсынылады.
2. Тиісті конфорканың қызуын реттегішті тиісті мәнге орнатыңыз.
3. Дайындау процесі аяқталғаннан кейін тиісті конфорканың қызуын реттегішті АЖЫР күйіне орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Плиткада қолданылатын кәстрөлдің өнімдерімен максималды салмағы 2,5 кг
аспауы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғы тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған. Құрал тағамды дайындауға
және ысытуға арналған.

Содержание

Скачать