Galaxy LINE GL0606 [19/26] Жеңіл иісін сезінуіңіз мүмкін бұл қалыпты құбылыс және жақын арада иіс

Galaxy LINE GL0606 [19/26] Жеңіл иісін сезінуіңіз мүмкін бұл қалыпты құбылыс және жақын арада иіс
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптың ішінен шығарыңыз және қаптаушы матери-
алды алып тастаңыз. Бұйымның және желілік кабелдің бүтіндігін тексеріңіз.
6.2 Құралды құрғақ, тегіс және орнықты бетке орнатыңыз.
6.3 Қақпақты ашып, электр құралын максималды деңгейге дейін сумен
толтырыңыз («Макс.»).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды сумен тура шүмектен толтырмау ке-
рек. Басқару панелінің ішіне ылғалдың түспеуін болдырмау үшін, осыған
арналған заттарды қолданыңыз, мәселен, құмыраны немесе шәйнекті.
6.4 Қуат беру баусымын алдымен электр құралындағы тиісті жалғағышқа,
сосын ғана электр желісіне қосыңыз.
6.5 Құрал автоматты түрде қосылады, бұл ретте қайнату индикаторы жа-
нады.
6.6 Су қайнағаннан кейін, оны толықтай төгіңіз және аталған рәсімді
қайталаңыз. Бірінші рет және қайтара қайнату кезінде Сіз пластмассаның
жеңіл иісін сезінуіңіз мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс және жақын арада иіс
кетеді.
6.7 Құрал қолдануға дайын.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Электр құралын құрғақ, тегіс және орнықты бетке орнатыңыз.
Қуат беру баусымының істікшесін құралдың тиісті жалғағышына және электр
желісіне қосыңыз.
Желіге қосқаннан кейін құрал автоматты түрде суды қайнатуды бастайды.
«Қайнату» режимінің индиакторы жанады. Су қайнағаннан кейін «Темпера-
тураны қолдау» атқарымы автоматты түрде қосылады және тиісті индикатор
жанатын болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек суды қайнатуға және оның температурасын
қолдауға арналған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать