Galaxy LINE GL0606 [21/26] Төгу ұсынылады суды құралдан төгу құралдан желіден ажырата оты

Galaxy LINE GL0606 [21/26] Төгу ұсынылады суды құралдан төгу құралдан желіден ажырата оты
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
8.4 Электр құралын қақтардан тазалау
Электр құралын қақтардан тұрақты тазалап отыру керек. Ол үшін мак-
сималды белгіге дейін судың 2 ас қасық 9%-дық сірке суының ерітіндісін
құю және ерітіндіні құралдың ішінде 12 сағатқа дейін қалдыру керек. Одан
кейін ерітіндіні төгу, максималды белгіге дейін су құю және қайнату керек.
Ары қарай қайнатылған суды құралдағы барлық қалған қақты кетіру үшін
төгу ұсынылады. Суды құралдан төгу құралдан желіден ажырата оты-
рып, қақпағын көтеру және құралды қисайту арқылы ішкі резервуардың
жиектері арқылы жүргізілуі керек. Суды және қақтарды төккеннен кейін
құралдың ішін таза сумен жуу керек. Құрал қолдануға дайын.
8.5 Қақпақтың қатты ластануы жағдайында, оны шешіңіз және дымқыл
шүберектің көмегімен тазалаңыз, сосын құрғатып сүртіңіз. Қақпақты
шешу үшін оны шағын бұрышпен (шамамен 45°) ашыңыз. Абайлап, үлкен
күш салусыз, қақпақты өзіңізге сол жақтан тарта отырып, сол жақ ілгекті
корпустың ойығынан шығарыңыз. Сосын қақпақты сол жақ бүйірге тарта
отырып, оң жақ ілгекті шығарыңыз. Қақпақты орнына орнату үшін оң жақ
ілгекті корпустағы ойыққа қойыңыз, сосын сол жақ ілгекті корпустағы
ойықпен үйлестіріңіз және ілгектер ойықтарға аяғына дейін кіретіндей
етіп абайлап қысыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бүлінулерді болдырмау үшін қақпақты шешу кезінде
шамадан тыс күш салмаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать