Galaxy Line GL0317 [18/22] Сүзгінің жоғарғы пластмасса бөлігінен ұстаңыз және сүзгінің бір үстіңгі

Galaxy Line GL0317 [18/22] Сүзгінің жоғарғы пластмасса бөлігінен ұстаңыз және сүзгінің бір үстіңгі
KAZ
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ЕСКЕРТУ – Егер шәйнек бос болса немесе ондағы су су деңгейінің мини-
малды деңгейінен төмен болса, оны іске қосу кезінде автоматты ажырату
іске қосылатын болады. Бұл жағдайда құралдың суынуын тосыңыз, оған
су құйыңыз және оны қайта іске қосыңыз.
7.9 Су қайнағаннан кейін шәйнек автоматты түрде ажыратылады,
ажыратқыш «0» (сөндірулі) күйіне қайтып оралады, және жұмыс инди-
каторы сөнеді;
ЕСКЕРТУ Қажет болған кезде Сіз құралды оның қайнауына дейін
ажыратқышты «0» (сөндірулі) күйіне ауыстыра отырып, сөндіре аласыз.
7.10 Шәйнектен суды құю үшін оны қойғыштан шешіңіз және оны ыдысқа
еңкейтіңіз.
7.11 Жиналушы қақтың мөлшерін азайту үшін:
7.11.1 Шәйнекті әрбір қолданудан кейін барлық суды төгіп отырыңыз;
7.11.2 Сумен толтырылған шәйнекті түнге қалдырмаңыз;
7.11.3 Сүзгіленген суды қолданыңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Тазалау және күтім жасау
8.1.1 Қызмет көрсетуді жүргізудің алдында шәйнектің қуат беру
баусымының ашасын розеткіден шығарыңыз;
8.1.2 Шәйнектің корпусын және қойғышты дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
ЕСКЕРТУ Шәйнекті тазалау үшін қажақты тазартқыштарды және
агрессивтік жуғыш құралдарды қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шәйнекті, қуат беру баусымын және қойғышты
ешқашан суға батырмаңыз. Шәйнекті және қойғышты ыдыс-аяқ жуатын
машинада жууға тыйым салынады.
8.1.3 Қақтарды кетіру:
• Сүзгінің жоғарғы пластмасса бөлігінен ұстаңыз және сүзгінің бір үстіңгі
және 1 астыңғы ілгектерін саңылаулардан босата отырып, шәйнектен
сүзгіні шығарыңыз;
• Су ағынының астында сүзгіні шайыңыз, жұмсақ шөткені қолданыңыз;
• Сүзгіні шәйнекке салыңыз, үстіңгі ілгекті шүмектің үстіңгі бөлігіне бекіту
үшін сүзгінің жоғарғы пластмасса бөлігіне басыңыз;
• Астыңғы ілгекті шүмектің астыңғы жағына бекітіңіз;
• Шәйнекке суды максималды көлемнен төрттен үш бөлігіне құйыңыз және
суды қайнатыңыз;
• Шәйнек ажыратылғаннан кейін, оған сірке қышқылының 8% ерітіндісін
(немесе 100 мл суға 30 г лимон қышқылын қолданыңыз) корпустың ішкі
бетіндегі максималды белгіге дейін үстеп құйыңыз;
• Ерітіндіні шәйнекте бірнеше сағатқа қалдырыңыз;
• Шәйнектен суды төгіңіз және сумен мұқият жуыңыз;

Содержание

Скачать