Galaxy Line GL0317 [19/22] Да сақтаудан кейін оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай

Galaxy Line GL0317 [19/22] Да сақтаудан кейін оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай
KAZ
19
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
• Шәйнекке таза суды су деңгейінің межелігіндегі максималды белгіге дейін
құйыңыз және оны қайнатыңыз;
Шәйнектен суды төгіңіз және оны қайта таза сумен жуыңыз. Егер
шәйнекте әлі де қақ қалса, жоғарыда аталған рәсімді қайталаңыз.
ЕСКЕРТУ – Сіз сонымен бірге қақтардан тазалау үшін арнайы құралдарды
да қолдана аласыз. Бұл жағдайда дайындаушыдан нұсқаулықтарды
қолданыңыз.
8.2 Ұсыныстар
8.2.1 Егер электр құралы істен шықса, оны өздігіңізден жөндеуге
тырыспаңыз. Авторландырылған сервистік орталыққа жүгіну үзілді-кесілді
ұсынылады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бүлінулерге жол бермеу үшін бұйымды тек зауыттық қаптамада
тасымалдаңыз. Тасымалдаудан және бұйымды төмендетілген температура-
да сақтаудан кейін оны бөлме температурасында кем дегенде екі сағаттай
ұстау қажет. Сақтаудың және қайтадан пайдаланудың алдында құралдың
барлық бөліктерін тазалаңыз және толықтай құрғатыңыз. Құралды құрғақ
салқын орында, +0 - ден +40 °С-қа дейінгі температура кезінде және
80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында , балалар мен
жануарларға қолжетімсіз жерлерде сақтау ұсынылады. Бұйымды тасымал-
дау, тиеу, түсіру және сақтау кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
айтылғандардан басқа, келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және/немесе оның қаптамасы бүтіндігінің бұзылуына
әкеліп соқтыруы мүмкін әлеулі механикалық жүктемелерге бұйымды
ұшыратуға тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп кетуіне
жол бермеу қажет. Бұрын пайданудан болған бұйымды тасымалдаудың
немесе теріс температурада сақтауға берудің алдында бұйымда судың
жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және күннің тікелей
сәулелерінің әсерінен қорғаңыз.
9.1 Кәдеге жарату
Бұйымды қате кәдеге жарату қоршаған ортаға орны толғысыз зиян
келтіреді.Ақаулы бұйымды сонымен бірге пайдаланылған қуат беру
элементтерін тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Осы
мақсаттар үшін мамандандырылған кәдеге жарату орталығына
жүгініңіз. Сіз тұрмыстық бұйымдарды, жабдықтарды және пайдаланылған
қуат беру элементтерін қайта өңдеуге қабылдаушы бекеттердің мекен-
жайларын Сіздегі елді мекендегі муниципалдық қызметтен ала аласыз.

Содержание

Скачать