Galaxy GL 0318 [14/22] Техникалық талаптар

Galaxy GL 0318 [14/22] Техникалық талаптар
KAZ
14
14
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 Кесте
Параметрдің атауы Мәні
Көлемі 1,7 л
Атаулы кернеу 220-240 В ~
Атаулы тұтынылатын қуат 2000 Вт
Атаулы жиілік 50 Гц
Қуат беру баусымының ұзындығы 78 см
3 ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
2 Кесте
Параметрдің атауы Саны
Электрлі шәйнек 1 дана
Қойғыш 1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана
Тұтынушылық қаптама 1 дана
4 ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысына келесі шарт-
тарды сақтау кезінде ғана кепілдік беріледі:
4.1 Ешбір жағдайда суды су деңгейінің максималды деңгейінен жоғары
және минималды деңгейінен төмен су құймаңыз. Бос электр құралын іске
қоспаңыз.
4.2 Қайнаған су егер ол асыра құйылса шәйнектен шайқалып төгілуі
мүмкін.
4.3 Электр құралы тек ауыз суды қайнату үшін ғана қолданылуы керек.
Шәйнекті ешқашан басқа сұйықтықтармен толтырмаңыз.
4.4 Шәйнекті және оның қойғышын электр плитасы секілді ыстық бетке
қоймаңыз және оны ашық оттың, тез тұтанушы сұйықтықтар мен газдардың
жанында қолданбаңыз.
4.5 Шәйнек тек штаттық қойғышпен ғана қолданылуы мүмкін. Қойғышты
басқа мақсаттар үшін қолданбаңыз.
4.6 Құралды қуат беру желісіне қосудың алдында желі параметрлерінің
220-240 В ~ 50 Гц мәніне сәйке келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
4.7 Шәйнекті егер оның қойғышында су болса немесе корпустан су ағу
орын алса желіге қосуға тыйым салынады.
4.8 Құралды іске қосудың алдында шәйнектің қақпағы тығыз жабық екендігіне
және шәйнектің қойғышта сенімді тұрғандығына көз жеткізіп алыңыз.
4.9 Құралды желіге қосудың алдында ажыратқыштың «0» (сөндірулі)
күйінде тұрғандығына көз жеткізіңіз.

Содержание

Скачать